Орден (нем. оrden, лат. ordo – сап, дәреже, топ) – ' 1) Рим папасы бекітетін (6 ғасырдан) ерекше жарғы бойынша қызмет еткен монахтық, бірлестіктер; кейбір құпия ұйымдардың атауы, мысалы, . Діни-рыцарлық ордендер 12 ғасырдан құрыла бастады. крест жорығы кезінде (Иоанниттер, Тамплиерлер, Неміс Ордендері), Испания мен арабтармен күрес кезінде (Калатрава, Алькантар Ордендері) пайда болды. 13 – 14 ғасырларда Батыс Еуропа ордендер саны күрт көбейді. Кейбіреулері 10 мыңдаған рыцары, орасан зор жері бар қуатты ұйымға айналды (мысалы, Ливон, Тевтон ордендері). Олар бастапқыда христиан дінін тарату, қасиетті жерлерді қорғау және ұлт-азаттық мақсатта құрылған Рим папасына бағынышты діни-әскери ұйым болып саналып, оның мүшелері монах антын қабылдады. Мүшелері бір түсті әрі бірдей нысанда крест тігілген айрықша киім киді. Олар бара-бара жер кеңейту, баю жолына ауды. Кейінірек Ордендер мемлекет басшыларының билігіне көшіп, 14 – 16 ғасырларда ақсүйектерді ынталандыру қызметін атқарған сарай ордендері құрылды. Мұндай ордендердің де ерекше көркем киімі және айырым белгісі болды. Сол айырым белгілері келе-келе мемлекеттік сыйлық сипатын алды.
2) Мемлекет және қоғам алдындағы айрықша азаматтық және әскери қызметі үшін берілетін құрмет белгісі. Қазақстан ордендері тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды;
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер