Павел I (20 қараша (1 қазан) 1754, , Санкт-Петербург — 12 (24) наурыз 1801, Санкт-Петербург) — Ресей императоры (1796—1801), мен Екатерина II-нің баласы. Оның Александр (болашақ император Александр I), Константин, Николай (болашақ император Николай I), Михаил атты ұлдары мен 6 қызы болған. 1783 жылдан анасы Екатерина ІІ-ден бөлек Гатчинодағы сарайда тұрды. Павел I мемлекеттің ішкі саясатында Екатеринаның тәртібіне қарсы бағыт ұстаған болды. Бірақ шын мәнінде Павел I Екатеринаныц ішкі саясаттағы жолын ұстады. Ұлы француз революциясы мен Ресейде шаруалар толқуынан қорыққан Павел I қатал реакциялық саясат жүргізді. Қатаң цензура енгізіп, жеке меншік баспаханаларды жапты (1797), шетелдік кітаптарды алып келуге тыйым салды (1800), озық ойлы адамдарға төтенше полициялық шаралар қолданды, ірі помещиктердің мүдделерін қолдап, оларға 600 мыңнан астам шаруаларды басыбайлы етіп берді. Шаруалардың қарсылығын басу үшін жазалаушы экспедицияларды және басқа заң актілерін пайдаланды. Армияға Пруссия үлгісі бойынша реформа жүргізді. Екатерина II сыртқы саясатын жалғастыра отырып, Павел I Францияға қарсы коалициялық соғысқа қатысты. Павел І-нің ұсақтығы, қызба мінезділігі дворяндар арасында наразылық тудырды. Англиямен сауда қатынасын бұзғаннан кейін наразылық күшейе түсті. Гвардиялық офицерлер астыртын әрекетке әзірленіп, 11 марттан 12 мартқа қараған түні Михайловск бекінісінде Павел І-ні өлтірді.
Павел I орыс. Павел I | ||||
![]() | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 (17) қараша 1796 — 12 (24) наурыз 1801 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 5 (16) сәуір 1797 | |||
Ізашары | Екатерина II | |||
Ізбасары | ||||
| ||||
6 (16) желтоқсан 1798 — 12 (24) наурыз 1801 | ||||
Ізашары | ||||
Ізбасары | ||||
| ||||
1 шілде — 14 желтоқсан 1773 | ||||
Ізашары | ||||
Ізбасары | ||||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 20 қыркүйек (1 қазан) 1754 Санкт-Петербург | |||
Қайтыс болуы | 12 (24) наурыз 1801 (46 жас) Санкт-Петербург | |||
өңдеу ![]() |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Дереккөздер
- Хронограф КМ: этот день в истории. Даты России. Памятные исторические даты 13 ақпанның 2009 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер