Пайым (ағылш. Reason, лат. ratio) — ақиқатты тану мақсатында белгілі, немесе байқалған ақпараттардан логикалы түрде жасайтын жоғары сана қабілеті.[ Ол философия, ғылым, тіл, математика және өнер секілді адамға тән белсенділіктерге тығыз байланысты болып, әдетте ол адамзатты өзге түрлер мен құбылыстардан даралаған ерекше қабілет саналады. Пайым әдетте (рационалдылық) ретінде де көрінеді.
Пайымдау (Reasoning) ойлау және таным әрекеттерімен байланысты және адамның өз интеллект қабілетін пайдалануын қамтиды. Логика саласы адамның формалды пайымдау арқылы аргумент шығарудың ресіми жолдарын зерттейді. Пайымдау логикалық пайымдау формаларына бөлінеді, мысалы: дедуктивті пайымдау, индуктивті пайымдау және . Аристотель логикалық дискурсивті пайымдау (үйлесімді пайым) және арасындағы айырмашылықты анықтады, кейінгісінде пайымдау барысы интуиция арқылы орындалады, онда пайымдау болған күнде де, бәрібір онда жекелік және субъективтілік күңгірттік болады. Кей әлеуметтік және саяси жағдайларда логикалық және интуитивті пайымдау моделдері өзара қақтығысуы мүмкін, ал басқа контексттерде интуиция мен формалды пайым өзара қарсылас емес, бір-бірін толықтырушы болуы мүмкін. Мысалы, математикада интуиция аса қиын формалды пайымдау міндеттерінде формалды дәлелдерге қол жеткізуді көздеген шығармашылық процестері үшін ауадай қажет.
Бейне дағды, не интуиция секілді пайымдау ойлаудың бір идеядан сабақтас идеяға ауысу тәсілдерінің бірі. Мысалы, пайымдау - бұл пайымды (рационалды) тұлғалардың өзін қоршаған ортаның сенсорлық ақпаратын түсіну жолы; немесе себеп, нәтиже, ақиқат, сандырақ, жақсылық пен жамандық ұғымдарына қатысты идеялар секілді абстракт дихотомияларды концептуализациялау құралы. Пайымдау сондай-ақ делінетін адами қимылды басқару жүйесінің маңызды бөлігі ретінде мақсат, сенім, көзқарас, дәстүр және институттарға сәйкесіп, өзін-өзі саналы түрде өзгерту қабілетімен де тығыз байланысады, сөйтіп еркіндік және өзі-белгілеу (self-determination) мүмкіндігін іске асырады.
Пайымның (reason) дерексіз зат есім ретінде қолдануынан басқа, дәйек, немесе негіз (reason) ретінде де қолданылуы мүмкін. Бұл оқиғаны, феноменді, немесе қылықты (behavior) түсіндіру және негіздеу үшін қажет. Ағылшын тілінде бұл екі мағына бірдей болғанымен, қазақ тілінде Пайым сөзінде бұл екі түрлі мағына бірдей емес, сондықтан қандай сөз қолдану контекстке қарай таңдалады, көбінесе адамның сана қабілеті ретінде "Пайым" (reason) сөзі қолданылса, айырым жағдайда "дәйек", "негіз" (reason) сөзі таңдалуы мүмкін. Пайым (reason) шешімді дәйектейді, табиғи феномендерді түсіндіреді. Сондай-ақ тұлғалық әрекеттің негізі (reason) ретінде де қарастырылуы мүмкін, мысалы: "Адамзаттың бұлай істеуімнің қандай негізі (reason) бар?"
Пайым (reason), немесе пайымдау (reasoning) жақсы, немесе керемет негіздерді (reasons) қамтамасыз ету ретінде де сипатталады. Мысалы, моральдық шешімді бағалаған кезде, "моралдылық, бұл өз әрекеті әсер ететін барлық адамның мүддесіне тең және әділ маңыз бере отырып, қайткен күнде адам қылығын пайымның басқаруына тапсыру, яғни негізі толықты істі істеу".
Психологтар мен когнитивті ғалымдар адамның қалай пайымдайтынын, оған қандай таным және жүйке процестері қатысатынын, мәдени факторлардың адам шығарар қорытындыға қалай әсер ететінін зерттеп түсіндіруге тырысады. Автоматты пайымдау саласы пайымдаудың есептеу әдісімен модельденуін қарастырады. адамнан басқа хайуанның пайымдай алуы мәселесін зерттейді.
Когнитивті тұрғыда
Когнитивті тұрғыда, пайым ойлау процесінің ерекше формасы, жоғары сатысы. Анық та айқын пайымдау, өз ойын дұрыс құру, фактілерді дәл жіктеп, дұрыс жүйелеу қабілеті таным процесінде өте қажет. Пайымға сүйене отырып, шындықтың мәнін ашуға жетелейтін танымның шығарм-қа толы жоғары деңгейі зердеге байланысты. Философия тарихында Пайым мен зердені екі түрлі қабілеттер есебінде бір-бірінен айырып қарастыру антик. философиядан басталғанымен, нақтылы түрде И.Канттың ілімінде іске асты. Кант Пайымды ғылыми танымға қабілеттілік, ал ақыл болса, философияның дүниені танып-білуге дәрменсіз талпынуы деп анықтады. Оның пікірі бойынша, зерде Пайым шегінен асуға, сөйтіп шексіздікті, абсолюттілікті тануға ұмтылады, алайда бұл мақсатқа ол жете алмай, шешілмейтін қайшылықтарға – антиномияларға ұшырасады. Гегельдің пікірінше, Пайым – негізінде білімнің қалыптасу кезеңі, білімділіктің белгісі ғана. Себебі білімді адам анықталмаған, көмескі, бұлыңғырға қанағаттанбай, заттардың айқын бейнесін, дәл кескінін білгісі келсе, білімсіз адамның ойы керісінше тұрақсыз, ауытқу мен адасуда болады. Сондықтан ондай адаммен белгілі бір мәселе жөнінде тіл тауып ұғынысудың өзі қиынға соғады; қ. Зерде.
Дереккөздер
- Proudfoot Michael The Routledge dictionary of philosophy — 4th. — London: Routledge. — P. 341. — .
- Rescher Nicholas The Oxford companion to philosophy — 2nd. — Oxford: Oxford University Press, 2005. — P. 791. — .
- The Enigma of Reason — Cambridge, MA: . — P. 2. — . Compare: Dependent Rational Animals: Why Human Beings Need the Virtues — . — Vol. 20. — .
- See, for example:
- Reason and Rationality — Berlin: . — Vol. 48. — .
- Audi Robert The Architecture of Reason: The Structure and Substance of Rationality — Oxford; New York: Oxford University Press. — .
- Eze Emmanuel Chukwudi On Reason: Rationality in a World of Cultural Conflict and Racism — Durham, NC: . — .
- Rescher Nicholas Rationality: A Philosophical Inquiry into the Nature and the Rationale of Reason — Oxford; New York: ; . — .
- . "Philosophy of logic". Encyclopædia Britannica. Encyclopædia Britannica, Inc.. http://www.britannica.com/EBchecked/topic/346240/philosophy-of-logic. Retrieved 12 November 2013.
- The Internet Classics Archive – Nicomachean Ethics by Aristotle, Book VI, Translated by W. D. Ross.
- Michel Foucault, "What is Enlightenment?" in The Essential Foucault, eds. Paul Rabinow and Nikolas Rose, New York: The New Press, 2003, 43–57. See also Nikolas Kompridis, "The Idea of a New Beginning: A Romantic Source of Normativity and Freedom," in Philosophical Romanticism, New York: Routledge, 2006, 32–59; "So We Need Something Else for Reason to Mean", International Journal of Philosophical Studies 8: 3, 271–295.
- Merriam-Webster.com Merriam-Webster Dictionary definition of reason
- Rachels, James. The Elements of Moral Philosophy, 4th ed. McGraw Hill, 2002
- “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер