Петрография — Тау жыныстарын олардың минералогиялық және химиялық құрамы, текстурасы, структурасы және жатыс жағдайларының тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тау жыныстарын олардың пайда болу тұрғысынан петрология ғылымы зерттейді.
Шөгінді тау жыныстарын зерттеумен өз алдына ерекше ғылым — литология айналысады.
Тармақтар
Петрографиялық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі:
- Петрографиясы;
- Петрографиясы,;
- Петрографиясы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek5sTDFKb2IyUnZiR2wwWlhOZmNtVmtMV0ZzWjJGbFgwMXBiMk5sYm1WZlRXbHViM0pqWVM1cWNHY3ZNakl3Y0hndFVtaHZaRzlzYVhSbGMxOXlaV1F0WVd4bllXVmZUV2x2WTJWdVpWOU5hVzV2Y21OaExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Олардан басқа Петрографияның жасанды материалдарды (қож, фарфор, цемент, шыны, керамика, , т.б.) зерттейтін саласы техникалық Петрография. Петрография ғылымының негізі — минералдар, ал Петрографияның негізінде , петрология, литология, , геология-геофизика іздеу, барлау, картаға түсіру, аймақтық геология, мұнай-газ геологиясы, геотектоника, петрофизика, т.б. геология салалары бөлініп шықты.
Литологиядан басқа, петрографияның тағы мынадай тармақтарын атауға болады:
- ;
- ;
- Петрохимия.
Эксперименталды петрография тау жыныстарын зертханада жасанды түрде түзу арқылы зерттейді. Кейбір жағдайларда даулы мәселелерді тек эксперимент өткізу арқылы ғана шешуге болады. Мысалы, плагиоклаздар құрамы бойынша бұрын ойланғандай, альбит пен анортиттің қосындысы емес (қосындылары болса, олигоклаз, андезин, сияқты минералдар болар еді), осы екі бөліктің қатты күйдегі үздіксіз ерітіндісі екендігі осы эксперимент арқылы дәлелденді.
Техникалық петрография металлургиялық, керамикалық, т.б. өндірістерде жасалатын жасанды тастардың қасиеттерін зерттеп, оның жаңа түрлерін жобалаумен айналысады.
Петрохимия саласының негізін қалаған — Магмалық тау жыныстарының химиялық құрамының негізгі заңдылықтарын және солардың метаморфизм барысында өзгеруін зерттейді. Петрохимияның негізін қалаған — академик А. Н. Заварицкий.
Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдан құралып, жер қыртысының үлкен аймақтарын алып жатады. Оларға химиялық құрамының және минералогиялық структурасы мен текстурасының тұрақтылығы тән. Тау жыныстарының жатыс жағдайлары да жүйелі болып келеді. Осылайша петрография барлық геологиялық ғылымдармен, соның ішінде минералогиямен тығыз байланысты. Зерттеу нысаны қорытпалар, яғни ерітінділер болғандықтан петрография физикалық химиямен де ұштасады.
Петрографияның тарихы
Петрография жеке сала болып 19 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. Оның қарқынды дамуы 1849 жылы Г.К. Сорбидің (1826 — 1908) Петрографиялық микроскопты тау жыныстарының минералдық құрамын зерттеуге қолдануымен тығыз байланысты. Осы әдіс көмегімен неміс, француз, ресей ғалымдары минералдар жүйесін жасады; тау жыныстарын құраушы минералдардың оптик. қасиеттерін зерттеудің жаңа тәсілдерін шығарды. 20 ғасырдың басында орыс ғалымдары тау жыныстарының жасын анықтаудың әр түрлі әдістерін тауып, жасады.
Қазақстанда Петрографиялық зерттеулер 20 ғасырдың 20-жылдары басталды. Оның дамуына Ә.Нұрлыбаев, Н.Сергиев, Қ.Әбдірахманов, А.Телғозиев, О.Бейсеев, т.б. ғалымдар үлес қосты.
Петрографияда қолданылатын зерттеу әдістері
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
- "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер