Петропавл уезі — Ақмола облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бөлік. 1868 жылы құрылған. Жер аумағы 60 953 км², тұрғындарының саны 1901 жылы 66570, 1909 жылы 78169 адам болды.
Уезд 12 болысқа бөлінді. Уезде жылқы, ірі қара,қой өсірілді. 1897 — 1901 жылдары Петропавл уезінде қазақтар 4287 мың десятина жерде егіншілікпен шұғылданды. Ресейге тері, мата, май жөнелтіліп, ал ол жақтан металл бұйымдары, мануфактура өнімдері, т.б. әкелінді. Уезде сауда айналымы 7 млн. сом құрайтын ірі сауда жәрмеңкесі — жұмыс істеді. Онда 1875 жылы 78000 қой сатылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмола облысының әкімшілік құрылымы өзгеріп, Петропавл уезі Ақмола губерниясы құрамына енді.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер