Плазмолемма — жасуша протоплазмасын қоршаған ортадан бөліп, зат алмасу, тасымалдау, рецепторлық қызметтер атқаратын жасуша қабықшасы. Плазмолемма — (плазмалық жарғақтан), жарғақшаүсті кешеннен және жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттан тұрады. Плазмалық жарғақтың негізі бимолекулалы липид қабатынан түзілген. Бұл қабатқа толық немесе жартылай протеин және гликопротеид молекулалары еніп, протеинді-липидті жарғақты түзеді. Оны 40% липид, 59% протеин, 1% көмірсу құрайды. Жарғақшаүсті кешен плазма жарғағы протеиндерімен байланысып, тармақтала орналасқан гликопротеидті құрылым — гликокаликстен тұрады. Бүның құрамындағы протеинді ферменттер жасуша қабықшасынан тыс жатқан заттарды ыдыратып қорытып, мономерлер ретінде жасушаға сіңіреді. Процесс — эндоцитоз (пиноцитоз, фагоцитоз) деп аталады. Заттардың жасушадан қоршаған ортаға кері шығарылу процесін экзоцитоз деп атайды.Эндоцитоз бен экзоцитоз процестері жарғақасты тірек-жиырылғыш аппараттың (микротүтікшелер, микрофиламенттер) қатысуымен іске асады.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер