Полк — әкімшілік, шаруашылық жағынан дербес басқарылатын әскери бөлім. Полктар атқыштар (жаяу әскер), авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, танкілік, механикаландырылған, артилллериялық, инженерлік, зениттік, барлау, байланыс, әуе-десанттық, т.б. болып бөлінеді. Әр полктың штабы, бірнеше батальоны (эскадрон, эскадрилья, дивизион, роталар) жабдықтау және тылдағы бөлімшелері болады. Көптеген полктер әскери құрамаларға — дивизия мен бригадалар құрамына кіреді. Ресей мен Батыс Еуропа мемлекеттерінде (Германия, Франция, Швеция, т.б.) полктер 16 — 17 ғ-ларда пайда болып, 18 — 19 ғ-ларда бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. 1-дүниежүзілік соғыста жаяу әскер полкы 3 — 4 батальон (әрқайсысы 4 ротадан), барлау, станокты пулеметтер және тылдағы бөлімшелерден, ал 4 — 6 эскадроннан тұрды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңадан танкілік, механикаландырылған, авиациялық, әуе-десанттық және атқыштар полктары пайда болды. Олардың құрамында 3 — 4 батальон, артилллериялық, минометшілер, танкіге қарсы артиллерия, зениттік пулеметтер, т.б. бөлімшелер болды. Кейбір полктер әскери құрама қатарына кірмейді, тікелей майдан, армия қолбасшыларына бағынады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер