Пульсар (ағылш. Pulsar) немесе Лүпілжұлдыз — тұрақты периодпен әлемге (жер бетіне дейін) радиолық (радио-пульсар), оптикалық (оптикалық пульсар), рентгенді (рентгенді пульсар) немесе гаммалық (гамма-пульсар) импульс сигналын (ақпарын) тарқатып тұратын жұлдызды дене.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek5sTDFCMWJITmhjbDl6WTJobGJXRjBhV011YzNabkx6TXdNSEI0TFZCMWJITmhjbDl6WTJobGJXRjBhV011YzNabkxuQnVadz09LnBuZw==.png)
Байқалуы
1967 жылдың қазан айында Кембридж университеті (Cavendish Laboratory) Антоний Хьюиш (Antony Hewish) профессордың 24 жасар аспирант қызы Jocelyn Bell Burnell радиотелескопқа келген ақпарларды тексерген кезде кейбір дыбыс сигналының өте тәртіпті екеніне назар аударады. Олардың периоды тұрақты болып, шамамен 1.337 секунд болады. Алғашында ол мұны бөгде ғаламшарлық "кішкентай жасылдар" (LGM) жіберген ақпар болуы мүмкін деп есептейді. Бірақ былайғы жарты жылда ол бұл түрдегі сигналдардың әртүрлісін анықтайды. Кейін адамдар бұл түрдегі аспан құбылысын жаңаша аспан денесінің құбылысы ретінде танып, аталған жұлдыздарды Пульсар (Лүпілжұлдыз) деп атайды. "Пульсар", "Квазарлар", "Ғарыш микротолқынды фоны", "" төртеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы "төрт астрономиялық жаңалық" есептеледі. Антоний Хьюиш профессор пульсарды байқағаны үшін 1974 жыл физика саласы бойынша болды. Ал бұл жұлдызды шындап алғаш байқаған Jocelyn Bell Burnell бойжеткеннің Нобель сыйлығын алмай қалуы қоғамда біршама талас туғызған болатын.
Бір ғажабы, 1967 жылы Алясканың радар тізгіндеуші қызметкерлері кейбір лүпілдеген сигналдарды байқап, олардың аспаннан келгенін тұрақтастырады. Бұл байқау Кембридж университеті Кавендиша зертханасындағы Пульсар лүпілін байқаудан әлдеқайда бұрын болса да, бірақ әскери құпия ретінде жасырылып, тек ХХІ ғасырда ғана жұртқа белгілі болды.
Ерекшелігі
Миллисекундтық лүпілжұлдыз
Дереккөздер
Бұл мақалада жетіспейді. Ақпарат болу керек, немесе мақала жойылуыға ұсынылады. Сіз бұл мақаланы үлес қосуыңыз мүмкін: ол үшін сілтеме жасауыңыз қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер