Пьер Кюри (1859 ж. Париж қаласы - 1906) - француз физигi, радиоактивтiлiк туралы ғылымның негiзiн құраушылардың бiрi, Париж ғылым академиясының мүшесi, 1903 жылғы Нобель сыйлығының иегері.
Pierre Curie | |
---|---|
![]() Пьер Кюри | |
туған | 15 мамыр 1859 , |
Қайтыс болды | 1906 ж. сәуірдің 19 (46 жаста) , |
Ұлты | |
Салалары | |
Alma mater | Sorbonne |
Doctoral students | |
Еңбегі үшін танылған | |
Notable awards | (1903) |
Notes Married to (m. 25 шілде 1895), their children include and . |
1877 ж. Париж университетiн бiтiрiп, сонда 1878-1883 ж.ж. ассистент болып жұмыс iстейдi. 1883-1904 ж.ж. физика және химия мектебiнде қызмет етедi.
1904 ж. бастап Париж университетiнiң профессоры болады.
Кюридiң зерттеулерi кристалдар теориясына, магнетизмге, радиоактивтiлiкке арналған.
1880 ж. өзiнiң iнiсi минералог Ж.Кюримен бiрге пьезоэлектрлiк эффект құбылысын және керi эффект – кристалға электр заряды берiлген кезде серпiмдi деформациясының пайда болуын ашады.
1884-1885 ж. кристалдардың түзiлу теориясын дамытып, олардағы симметрия заңын зерттедi, кристалл жақтарының беттiк энергиясының түсiнiгiн берiп, кристалдардың өсуiнiң жалпы принципiн бердi.
1897 ж. бастап ол өзiнiң жұбайы М.Складовская-Кюримен бiрге радиоактивтiлiк теориясына үлкен жетiстiктер алып келдi. 1898 ж. жаңа радиоактивтi элементтер – полоний мен радийдi ашты, 1899 ж. радиоактивтi сәуле шығарудың күрделiлiгiн, оның қасиеттерiн анықтады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер