Пәуен Жүсіпбаев (1895, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл - 1977) - Баянауылдық алғашқы мұғалімдердің бірі.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. 1920 жылы Баянауылда құрылған мәдени-ағарту ұйымының төрағасы Қаныш Сәтбаев, ал жауапты хатшысы Жүсіпбаев болған. 1920 жылдың күзінде келесі жылы автономикалық республика тойын бүкіл халықтық мереке ретінде Баянауылда да еткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Осы комиссияны Сәтбаев басқарады да, оның хатшылығына Жүсіпбаев сайланады. Екеуінің ақылдасып кеңесуімен әрі комиисия шешімімен тойдың мәдени ойын-сауығына Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Майра Уәлиқызы мен Иса Байзақов, сонымен қатар Жаяу Мұса және Мәшһүр Жүсіп шақырылған. Кейін Сәтбаев Томск қаласына оқуға кеткенде, жастардың мәдени-ағарту ұйымын басқару ісі Жүсіпбаевқа жүктеледі. Жүсіпбаев осымен қатар ауылдағы қат-қабат жұмыстарға белсене қатысып, елді игілікті іске жұмылдыра білді. Ол 1937 жылы «қызыл қыртында» зардап шегіп, Сібір сапарынан еліне аман-есен оралған. 1959 жылдың шілде айында Баянауылға келген соңғы сапарында Сәтбаев ең алдымен Жүсіпбаевты іздеген, онымен кездескен.
Дереккөздер
- Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — .
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |