РК(б)П орталық комитетініңі ортаазиялық бюросы — Орта Азия республикаларындағы социалистік құрылысты қадағалаған КСРО жоғары партиялық басшы органы.
1922 жылы мамыр айында ұйымдастырылды. Алғашқы құрамында РК(б)П Орталық Комитетінің 4 өкілі, Түркістан компартиясының 3, Бұхар және Хорезм компартияларынан бір-бірден адам болды. Әр жылдары бюроға С.И. Гусев, Я.Э. Рудзутак, О.Я. Карклин, И.А. Зеленский төраға, Ж.Абдрахманов]], К.Атабаев, С.Аспандияров, Ж.Ахунбабаев, А.Икрамов, А.Рахимбаев, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, Ф.Ходжаев, т.б. мүше болды.
Бюро Орта Азия республикаларының саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының соц. сипатта жүргізілуін қадағалап, кадрлармен жұмыс, жаңа экономикалық саясат, ұлттық-мемлекеттік межелеу, “басмашылар” қозғалысын күшпен жаныштау, идеологиялық, мәдени-ағарту шараларын қамтамасыз етті. Бюроның қызмет салаларына сәйкес ұйымдастыру-нұсқаушы, үгіт-насихат, есеп-тіркеу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әйелдер арасындағы жұмыс, т.б. бөлімдері болды. Бюро БК (б)П Орталық Комитетінің 1934 жылы 2 қазандағы қаулысы бойынша жұмысын тоқтатты.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 7 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер