Радиобиология (лат. radio – сәуле шығарамын және ) – иондаушы сәулелердiң барлық түрiнiң тiрi организмдер мен оның қауымдастығына тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым.
Иондаушы сәуленiң биологиялық әсерiн зерттеу (1895), француз ғалымы (1896) жұмыстарынан, мен радийдi ашуынан (1898) басталады. Р. саласындағы зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың басында Ресейде орыс радиобиологы Е.С.Лондон жүргiздi. Ол 1911 ж. «Биология мен медицинадағы радий» атты монография жазды.
1904 ж. Германияда Г.Петерс сәуле әсерiнен тіндердің бөлiну процесiндегi ауытқуды тапты, ал П.Линзер мен Э.Хельбер 1905 ж. сәуле әсерiне ұшыраған жануарлар қанында уытты заттар пайда болатынын ашты.
20 ғасырдың 20-жылдары рентген және гамма сәулелерiнiң әр түрлi биология нысандарға тигiзетiн әсерлерi туралы көптеген жеке-жеке деректер жиналды. 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А.Надсон мен Г.С.Филлипов рентген сәулесiнiң әсерiнен саңырауқұлақтарда болатын мутагендi құбылыстарды ашқан. Радиац. мутагенез туралы ғылыми басылымдар АҚШ-та (Г.Меллер, 1927; Л.Стедлер, 1928) жарық көрдi. Бұл ашылған жаңалықтар радиац. генетиканың негiзiн салуға ықпал еттi.
1950–60 ж. Радиобиологияда биофизика және биохимия әдiстердi қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргiзу басталды. Ядролық қаруларды жаппай сынау және жер бетiнiң радионуклидтермен (мысалы, егер қоршаған ортаға түссе, ұзақ жылдар бойы ыдырамайтын – Sr және Cs) ластануы Радиобиологияның алдына радиациялық сәулеге ұшыраған тiндерде болатын өзгерiстердi зерттеу, радионуклидтердiң әсер ету ұзақтығы және олардың организмнен шығу мерзiмiн анықтау сияқты жаңа мiндеттер қойды. Адамның ғарыш кеңiстiгiне шығуына және оны игеруiне байланысты радиацияның ғарыш жағдайында адамның жоғары жүйке жүйесiне тигiзетiн әсерiн зерттеуге көп көңiл бөлiнуден Радиобиологияның жаңа саласы – ғарыш Радиобиологиясы пайда болды. Ал Радиобиологиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстары микроорганизмдермен тiкелей байланысты болғандықтан, оның жеке бiр саласы – радиациялық микробиология қалыптасты және Радиобиологияның жаңа салалары (радиациялық медицина, радиациялық экология, радиациялық генетика, т.б.) дамуда.
---Қазақстанда Радиобиологияның саласындағы жүйелi зерттеулер С.Б.Балмұқановтың бастамасымен 60-жылдары басталып, ҚР Ұлттық ғылым академиясының , Онкология және радиология ғылыми-зерттеу, ҚР Ядролық физика инситуттарында жүргiзiлiп келедi.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер