Райхангүл, көкемарал, киікоты (Zіzіphora) – бір туысы.
Таралуы
Райхангүл әлем бойынша барлық жерде өсіріледі. Бірақ өсімдіктің отаны Үндістан мен Иран, одан базилик бес мың жылдан астам уақыт өсіріліп келеді.
Сипаттамасы
Райхангүл көп не бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы бүтін жиекті, қарама-қарсы орналасқан.Жапырағының ұзындығы 0,6-2,5 см, ені 0,3-1,2 см. Гүлі ұсақ, қос ерінді, себет топтанған, аталығы 2, шілде – тамызда гүлдейді. Түсі жасыл не күлгін. Монғолияда, Батыс Қытайда. Қазақстанда Көкшетауда, Қырғыз Алатауында, көбіне тау беткейлерінде өседі.
Түрлері
Райхангүлдің Қазақстанда 6 түрі: нәзік Райхангүл (Z. tenuіor), Бунге Райхангүл (Z. bunge), үзілме Райхангүл (Z. іnterrupta), Выходцев Райхангүл (Z. vychodcevіana), памиралай Райхангүл (Z. pamіroalaіca), иісті Райхангүл (Z. clіnopodіoіdes) өседі. Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауында, Ұлытауда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында таралған. Райхангүлдің көбі хош иісті (әсіресе иісті Райхангүл, нәзік Райхангүл және сопақ бас Райхангүл, т.б.), жапырақтары мен гүлінде хош иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, гүлінен ара бал жинайды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер