Рахилям Абдрахманқызы Машурова (1946 жылы 8 наурызда Алматыда туған) — актриса, өнертану профессоры. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009).
Рахилям Абдрахманқызы Машурова | |||||
Жалпы мағлұмат | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Мамандығы | актриса | ||||
Белсенді жылдары | |||||
Бағыты | |||||
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Рахилям Абдрахманқызы Машурова 1946 жыл 8 наурызда Алматыда дүниеге келген.
- Ұлты - ұйғыр, Әкесі - Машуров Абрахман (1912-1981), жұмысшы болған. Анасы - Машурова Айша (1912-1990), үй шаруасымен айналысқан.
- 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Хадиша Бөкееваның классын бітірген).
- қазақ және орыс тілдерін біледі
- 1968 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Осы жылдан шығармашылық ғұмыры осы қара шаңырақпен тығыз байланысты. Қара шаңырақ сахнасындағы тұсаукесері Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» (реж. Б. Омаров) Айбарша рөлі. Содан бері театр сахнасында көптеген рөлдерді самдап келе жатқан дарында артист.
- Абай атындағы академиялық Опера және балет театрына Онеггердің «Жанна д’Арк» операсындағы Жанна д’ Арк рөліне шақырылып, азаттық және отаншылдық идеясымен рухтанған батыр қыздың бейнесін сәтті шығарды.
Еңбек жолы
- 1968 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында
- 1975 жылдан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер және режиссура шеберлігі» кафедрасының дәріскері, кафедра меңгерушісі.
Сахнадағы негізгі рөлдері
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: «Ревизор» (Анна Андреевна), «Күйеуіңізді сатыңызшы» (Елена), «Өмірзая» (Ирма), «Ат жылаған түн» (), «Құдалар» (Хадиша), «Сағыныш пен елес» (Анар), «Бәкей қыз» (Жамал), «Қара кемпір» (Қали) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Қырғызфильм» киностудиясының «Қасқырдың ұлуы» (Гүлімхан); «Өзбекфильм» киностудиясының «Нәзігім» (Айымхан); «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақи оқиға» (Маржан), «Сатай-фильм» киностудиясының « (Ана) кинофильмдеріне түскен.
- Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ж. Файзи, «Башмақтар»; Ғ. Мүсірепов, «Қыз Жібек»; А.П. Чехов, «ұсыныс»; В.А. Моцарт, «Фигароның тойы»; М. Әуезов, «Еңлік-Кебек»; Ф. Эрве, «Мадемуазель Нитуш»; О. Алексеевич, «Цинковые мальчики»; Е. Брусиловский, «Біржан - Сара»; Ш. Құдайбергенұлы, «Тағдыр» және т.б
Марапаттары
- 2016 - Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
- 2015 - Парасат ордені
- 2011 - Тәуелсіз "Ильxом" сыйлығының иегері
- 2009 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (атағы)
- 2005 - Құрмет ордені
- 2005 - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор (ғылыми атағы)
- 1998 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі (атағы)
- 1997 - Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті (ғылыми атағы)
- 1991 - Қазақ КСР Еңбегі сіңген артисі (құрметті атағы)
- 1989 - "Еңбек ардагері" медалі (КСРО)
- "Театр көктемі" фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.
Жеке қасиеттері
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.Тэтчер.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық республика».
- Хоббиі - кітап оқу.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезовтың, Ш. Айтматовтың прозасы; Фирдоуси, А. Пушкиннің поэзиясы.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер