Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).
Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева | |
| |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
|
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | |
Марапаттары | ![]() ![]() |
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
- Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры) бастады.
- 1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.
Ойнаған рольдері
Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.
Классикалық драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті.
Фильмографиясы
- 1940 - - Райхан
- 1945 - Абай әндері - Зейнеп
- 1948 - Алтын керней - Жамал
- 1954 - Махаббат туралы аңыз - Күнекей
- 1955 - Қыз-жігіт - секретарь
- 1956 - Мазасыз көктемде - Хафиза Бейсенова
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - аға лейтенант
- 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Шайшекер
- 1962 - - Хадиша Ахметқызы
- 1962 - - сұраушы
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған
- ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1952).
Дереккөздер
- Яһуда Амандықов = Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі — Алматы: Комплекс, 2009. — 1120 б. — 2000 таралым. — ISBN 965-611-88-2.
- Львов Н.И., Казахский театр. Очерк истории, М., 1961
- Римова Б., Рахия Қойшыбаева. Өнердегі өнегелі өмірлер, А., 1977
- Қазақ театрының тарихы, 1-2 т., А., 1975 – 78.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер