Рашид әд-Дин, Фазлаллах ибн Абу-ль-Хайр Хамадани (лақап аты ат-Табиб) (1247, , — 18.7.1318, Тебриз) — иран тарихшысы және мемлекет қайраткері. Ол Хулагу әулетіне жататын тұсында (1265 — 82) қызметке араласқан. 1298 — 1317 ж. Иранды билеген моңғол хандары мен уәзірі болды. Ғазан ханның реформасын жүзеге асырды. Медицина саласында да үлкен білімдарлық танытып, мемлекет қайраткері ретінде жан-жақты қабілеттілік көрсетті. Оның алым-салық саясаты елдің экономикасын қайта жандандыруға бағытталды. Уәзір болған кезінде ірі жер иеленушіге айналды. Он ұлы жер-жерде өз алдына билік құрды. РАШИД әд-ДИН діни ғұлама, (энциклопедист), ғалым, дәрігер, ботаник әрі табиғаттанушы болды. Агро және құрылыс техникасы жөніндегі энциклопедия «Китаб-уль-ахи-уа-ль-асар» мен мұсылман (сүннит) теологиясы бойынша 4 трактат жазған. Оның еңбектерінің ішіндегі ең құндысы — 3 томнан тұратын бізге жетпеген тарихи деректер негізінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Рашид әд-Дин. Абу-Саид Баіадүр хан тұсында биліктен тайдырылып (1317), кейіннен Улжайту ханға қастандық жасады деген желеумен өлім жазасына кесілді. Рашид әд-Диннің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер