Реализм (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда , ; Англияда ; Германияда ) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды.
Францияда мен өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы портреттерінен, шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, пейзаждарынан айқын көрінді. шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра білген , әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.
Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілері , У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (, ), Францияда (, , Германияда () реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып көрсетуді мақсат етті. Батыста , , Дж.Элиот(Мари Эванс), Ресейде Л.Н. Толстой,М.Ф. Достоевский, А.П. Чехов Реализмнің дамуына зор үлес қосты. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин шығарм. арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің “Евгений Онегин”, “Капитан қызы” романдары, көптеген лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі , И.С. Тургенев шығармаларында кеңінен орын алған.
Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. , , Сүйінбай, Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, , , , , т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
Дереккөздер
- Қазақша энциклопедия 7 том
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- Реализм и художественные искания 20 века, Сб. ст., М., 1969;
- Фарбштейн А., Теория реализма и проблемы музыкальной эстетики, Л., 1973;
- Проблемы реализма в зарубежном театральном искусстве, Л., 1979;
- Провозин В.В., Эстетическая сущность реализма, М., 1980;
- Литературная энциклопедия терминов и понятии, М., 2001.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер