Резус-фактор (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалым (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор. болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса, . реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі. Ананың денесі ұрық қанының резус-факторына қарсы антиденелер шығарады. Ана мен баланың резус-факторының сәйкес келмеуі жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруына ұласуы мүмкін. Баланың эритроциттері ананың денесі жасаған антидененің әсерінен бір-біріне жабысады.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
- Қазақша энциклопедия 7 том.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер