РЛДП — Ресейдің либералды-демократиялық партиясы (орыс. ЛДПР — Либерально-Демократическая партия России) — Ресейдегі ,. Құрылғанынан бері РЛДП өзін оппозициялық партия деп атайды.
РЛДП — Ресейдің Либералды-Демократиялық партиясы | |
орыс. ЛДПР — Либерально-Демократическая партия России | |
| |
Басшысы | |
---|---|
Негізін салушы | |
Құрылған жылы | 13 желтоқсан 1989 |
Штаб-пәтері | 1-Басманный жолағы, 3-үй, 1-корпус, Мәскеу |
Идеологиясы | |
Интернационалы | |
Жастар ұйымы |
|
Мүшелер саны | 297,345 (2019) |
Мемлекеттік думадағы мандат саны | 23 / 450 |
Әнұраны | «РЛДП — Ұлы Ресей!» («ЛДПР — Великая Россия!») |
Партиялық мөр |
|
Сайты |
Тарихы
Кеңес Одағы либералды-демократиялық партиясы (1989–1992)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelV6TDBac1lXZGZiMlpmZEdobFgweEVVRk5WTG5OMlp5OHlNakJ3ZUMxR2JHRm5YMjltWDNSb1pWOU1SRkJUVlM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
1980 жылдардың аяғында Михаил Горбачёвтың және саясатынан кейін Кеңес Одағында негізі қаланды.
Кеңес Одағының Либералдық-демократиялық партиясын (КОЛДП) құру жөніндегі бастамашыл топтың бірінші отырысы 1989 жылы 13 желтоқсанда өтті.
Партия Владимир Жириновский мен Владимир Богачёв бастамасымен пайда болған еді.
1990 жылы 31 наурызда 41 облыстан 215 делегат қатысқан құрылтай съезінде партияның Бағдарламасы мен Жарғысы бекітілді. Ресми бағдарламасы бойынша партияның ұстанымы либерализм, демократия және антикоммунизм болған. Төраға болып Владимир Жириновский сайланды.
1990 жылдың 12 сәуірінде КСРО Әділет министрлігі партияны тіркеді, КОЛДП елдегі КОКП санамағанда елдегі екінші және жалғыз партиясы болды.
1990 жылы КОЛДП үйлестірушісі қызметін атқарған Богачёв партия жетекшісі Жириновскийді «мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен байланысы бар» деген айыппен партия қатарынан қуғысы келген, алайда соңында өзі партия мүшелігінен айырылып қалды. 1990 жылдың басында КОЛДП 13 адамнан тұрды.
Жириновский партия атынан қатысты. Дәл осы сайлаудағы Жириновскийдің «Орыс сұрағын көтерілгенін қалаймын!» деген лозунгі кейін партияның сайлауалды кампанияларының бір бөлігіне айналып, сынға алынды. Жириновский жалпы дауыс санының 7,81% жинап, 3-орында жайғасты. Сайлау қарсаңында партияның құрамында 200 жуық адам болды, және сайлаудан кейін түрлі қалаларда партияның бірнеше филиалы ашылды.
Тамыз бүлігі кезінде КОЛДП қолдады. Төңкеріс сәтсіз аяқталғаннан кейін партия Әділет министрлігінен ескерту алды, содан кейін КОЛДП Жоғарғы Кеңесінің мүшелері ТЖМК-ны қолдағаны үшін өздеріне сөгіс жариялады. ТЖМК ісі бойынша тергеу тобы Жириновскийге алты бап бойынша айыптар жасады, бірақ олар қозғалмады.
Партия ыдырағанда ол бірнеше партияға бөлініп кетті:
- Ресейдің либералды-демократиялық партиясы (РЛДП);
- (БЛДП) — РЛДП-ның Беларусьтегі аналогы;
- Украинаның либералды-демократиялық партиясы (УЛДП) — кейінірек РЛДП мен БЛДП-мен барлық байланысын үзіп, болған украиналық саяси партия.
1992–2000
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlUyTDFwb2FYSnBibTkyYzJ0NVgyRnVaRjlCWW1SNWJHRjBhWEJ2ZGw4bE1qZ3hOaTB3TVMweE9UazJKVEk1TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxYWFHbHlhVzV2ZG5OcmVWOWhibVJmUVdKa2VXeGhkR2x3YjNaZkpUSTRNVFl0TURFdE1UazVOaVV5T1M1cWNHYz0uanBn.jpg)
1992 жылы 18–19 сәуірде Мәскеуде ЛДП III-съезі өтті, оған ресми мәліметтер бойынша 43 субъекттен 627 делегат қатысты. Съез барысында партия Ресейдің Либералды-демократиялық партиясы атауын алды, және төрағасы Владимир Вольфович Жириновский болды.
1992 жылдың шілдесінде Жириновский финляндиялық коммунистік гәзетке берген сұхбатында «Финляндияның болашағын тек Ресейдің бір бөлігі ретінде көретінін» айтты.
қатысқан РЛДП жалпы дауыс санының 22,92% жинап, партиялық тізім бойынша ең көп дауыс жинаған партия болып шықты. Сол кездегі билік « партиясы екінші орында қалды.
Оған қарамастан тұңғыш Думада РЛДП ең ірі партия бола алмады, партиясыздар бірге фракцияға қосылып, РЛДП мандаттарының санымен бірдей депутаты бар топ құрды. 1925 жылы туған Мемлекеттік Думаның сол кездегі жасы ең үлкен депутаты және де қазіргі заманғы Мемлекеттік Думаның бірінші отырысын ашқаны үшін белгілі Георгий Лукава Либералдық-демократиялық партияның өкілі еді.
Жириновский құрылуына қатысты, ол берген кейбір ұсыныстар ескерілді.
Сол жылдары Жириновский сыртқы саясатпен де айналысты: ол Ирак басшысы Саддам Хусейнмен, Ливия Жамахириясының басшысы Муаммар Каддафимен кездесті, батыстық мәдениетке қарсы шыққан бұл мемлекет басшыларымен кездескесін Жириновскийдің антибатыстық саяси көзқарасы белгілі болды.
партия екі есе аз дауыс, жалпы дауыстың 11,18 ғана пайызын жинады. төрағасы Константин Калачёвтың сөзінше «Жириновский көпшілік ойлағанын, бірақ айтқысы келмегеннің барлығын айтты. Әлеуметтік топтарға бағытталған жеңілдетілген хабар қолданылды». партияның аз дауыс жинағанын Калачёв «Губернаторлық сайлауға араласып, билікті белсенді сынай бастау керек еді, бірақ 1990 жылдары Владимир Жириновский нәтижені саяси "ұзақ өмір сүруге" айырбастауды шешкен сияқты» дейді.
Екінші Мемлекеттік дума кезінде РЛДП билікке жақындай бастады, мысалы партия депутаттары президент Ельцинге қарсы қойылған импичмент ұсынысын қолдамады. Жириновскийдің өзі де қатысқан 1996 жылғы президент сайлауында партия сайлаушылардың дауыс бермеуін сұрады, бұл арқылы олар Ельциннің қайта сайлануына көмек көрсеткен. Жириновскийдің өзі тек 5,78% жинап, 5-орында жайғасты.
1998 жылдың көктемінде Либералдық-демократиялық партия ( орнына) жаңа премьер-министр етіп тағайындауына қатысты ұстанымын бірнеше рет өзгертті, бірақ соңында Кириенкоға дауыс берді.
1998 жылдың күзінде РЛДП фракциясы Евгений Примаковты жаңа премьер-министр етіп бекітуге қарсы дауыс берді, бірақ оған қарамастан РЛДП өкілі Сергей Калашников Еңбек министрі лауазымын алып, Примаковтың үкіметіне кірді.
партия «Жириновский блогын» құруға мәжбүр болды, жаңа блоктың құрылуына қарамастан партия өз тарихындағы ең төменгі дауыс санын, 5,9% жинады. Блок атынан депутат болған адамдар қатарына миллиардер болды. Үшінші Думада да РЛДП үкіметпен бірлесіп жұмыс істеген, және сайланған президент Путинді де қолдайтын. Үшінші Думада Жириновский Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары болып сайланды.
2000–2010
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOW1MMlk0TDBWc1pXTjBhVzl1Y3pJd01EaGZVRzl6ZEdWeVgxcG9hWEpwYm05MmMydDVMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFGYkdWamRHbHZibk15TURBNFgxQnZjM1JsY2w5YWFHbHlhVzV2ZG5OcmVTNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
партия үміткер ретінде Жириновскийді ұсынды. Ол жалпы дауыс санының тек 2.7% жинады.
РЛДП жалпы дауыстың тек 11.45% жинай алды, оның лозунгі «РЛДП кедейлерді қолдайды, РЛДП орыстарды қолдайды!» болған. Кейін Қабарда-Балқарияны басқарған Арсен Каноков және кейін Ресей сайлау комиссиясының төрағасы болған Владимир Чуров дәл осы сайлау нәтижесінде РЛДП депутаттары ретінде саяси мансаптарын бастаған.
РЛДП үміткерлігін ұсынды. Партия жетекшісі Жириновский Малышкин сайлауда жеңіске жеткен жағдайда премьер-министр лауазымына тағайындалады деп үміттенген. Нәтижесінде Малышкин 2% дауыс жинап, жеңіліп қалды. Бұл — Ресей тарихындағы Жириновский қатыспаған жалғыз сайлау.
2005 жылы партияның кезекті съезінде РЛДП Жарғысына өзгерістер енгізіліп, партия төрағасы мен партия Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті.
РЛДП 5,660,823 дауыс (8.14%) алып, Мемлекеттік Думада 40 мандатқа ие болды.
Жириновский кандидат ретінде қайта ұсынылып, 9.4% ғана дауыс жинады.
2010–2020
партия тек 11,67% жинап, партиялар арасында 4-орынға ие болды. Бұл сайлауда Жириновский «кедейлерді, орыстарды» қолдайтын лозунгін тоқтатқан еді. Партияның жаңа лозунгі «Орыстардың қорлануы тоқтатылсын!» болды.
партияның сайлауалды ұраны «Жириновскийге дауыс бер, әйтпесе жағдай нашарлайды» болды. Партия Жириновскийді үміткер ретінде тағы ұсынды.
Прошка есімді Жириновскийдің есегі президенттік науқан кезінде сайлауалды жарнамалық бейнероликке түскені үшін баршаның назарына түсті. Видеода Жириновский «кішкентай бейшара есек» Ресейдің символы екенін және Ресей видеодағы есектей «бір жерде қозғалмай, тоқтап қалған» деген. Жануарларды қорғау және құқық қорғау ұйымдары бұл жарнамаға байланысты Жириновскийді жануарларға қатыгездік көрсетті деп айыптады. Жириновскийге де Ресей халқын менсінбеушілік айыпталды. Бейне пен ресейлік БАҚ-та кеңінен талқыланды.
Кейінірек есектің Жириновскийдің сайлаудағы қарсыласы құрметіне аталғаны белгілі болды.
РЛДП солшыл « партиясын басып озып, Мемлекеттік Думадағы үшінші партияға болды. РЛДП 13,1% дауыс жинап, 39 мандатқа ие болды.
қарсаңында РЛДП атынан қатысатын үміткердің кім болатыны жайлы біраз болжамдар болды, болданған үміткерлер қатарында Жириновскийдің ұлы те болған. 2016 жылғы парламент сайлауынан кейін Жириновский оған өзі қатысатынын шешті. Сайлау нәтижесінде ол 4,154,985 (5.71%) дауыс жинап, жеңілді.
РЛДП депутаты Олег Финько сөзінше
![]() | Либералдық-демократиялық партия сайлауға дайындықты 2,5 жыл бұрын бастайды — кампания пойыздары елді аралайды, партия мүшелері аймақтарға кете бастайды. Көшелерде «РЛДП» жазуы бар билбордтар қойылады — бұның бәрі дәстүр болып кеткен. Адам таныс әріптер көріп, партияға дауыс береді. Түпнұсқа (орыс.) ЛДПР начала подготовку к выборам еще 2,5 года назад — по стране пошли агитационные поезда, в регионы стали выезжать партийцы. На улицах появились билборды с надписью "ЛДПР" — это уже партийная традиция. Человек видит знакомые буквы и голосует. | ![]() |
2020 бері
2020 жылдың 9 шілдесінде белгілі губернаторы және РЛДП мүшесі, екі жыл бұрын өткен сайлауда Путиннің «Біртұтас Ресей» партиясының үміткеріне қарсы жеңген 2004 және 2005 жылы бірнеше бизнесменнің өлтірілуіне қатысты деген айыптармен қамауға алынып, Мәскеуге жеткізілді. 11 маусымнан бастап Хабаровск өлкесінде Фургалды қолдау үшін жаппай наразылық шерулері өтті. 20 шілдеде президент Владимир Путин Фургалды губернатор қызметінен босатып, губернатордың міндетін атқарушысы етіп Мәскеу тумасы, саясаткер, РЛДП мүшесі Михаил Дегтярёвті тағайындады. Наразылық акциясына «РЛДП-ға ұят» деген ұрандар болды, РЛДП-ға адал адамдар партия басшылығының Фургалдың айналасына жинала алмағанына ашуланған. сөзінше, Жириновский «Президент жарлығымен Фургал кешіріледі» деп уәде берді. Хабаровскідегі митинг пен Фургалға басталған іс бітпей тұрғанда Жириновский қайтыс болды. 2023 жылдың ақпанында Фургалдың 22 жылға қамалға алынуы белгілі болды.
- Жириновскийдің өлімі
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemd6TDBaaGNtVjNaV3hzWDNSdlgxWnNZV1JwYldseVgxcG9hWEpwYm05MmMydDVYekV6TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxR1lYSmxkMlZzYkY5MGIxOVdiR0ZrYVcxcGNsOWFhR2x5YVc1dmRuTnJlVjh4TXk1cWNHYz0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemt6TDBaaGNtVjNaV3hzWDNSdlgxWnNZV1JwYldseVgxcG9hWEpwYm05MmMydDVYekU1TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxR1lYSmxkMlZzYkY5MGIxOVdiR0ZrYVcxcGNsOWFhR2x5YVc1dmRuTnJlVjh4T1M1cWNHYz0uanBn.jpg)
2022 жылдың 6 сәуірінде, сағат 13:05 партияның құрылғанынан бергі төрағасы Владимир Жириновский ауруханада қайтыс болды. Партияның кезектен тыс XXXIV-съезінде оның ізбасары болып Леонид Слуцкий сайланды.
Қайтыс болғанынан кейін Жириновскийдің ақпанда инсульт алғаны белгілі болды. Сонымен қатар оның сепсис, анемия алғанын және бүйрек пен есту қабілетінің нашарлағанын, сондай-ақ өкпесінің 75 пайызының зақымдалғаны анықталды.
РЛДП депутаты Борис Чернышов «Біз екінші Жириновскийді салып жатқан жоқпыз. Ол сияқты кісі бола алмайды. Ол миллиондаған адамдардың ішінде жалғыз» деген, және партияның идеологиялық бағыты сәл өзгеретінін айтқан.
Саяси ұстанымы
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell4TDB4RVVGSmZjbUZzYkhsZk1qQXhNaTB3TWkwd05GOGxNamc0SlRJNUxtcHdaeTh5TWpCd2VDMU1SRkJTWDNKaGJHeDVYekl3TVRJdE1ESXRNRFJmSlRJNE9DVXlPUzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
РЛДП Ресейдің "қайта держава болуын" қалайды, және коммунизм мен неолиберализмге қарсы шығады. Ол жеке меншігі бар аралас экономиканы және күшті басқару рөлінің мемлекет үшін сақталғанын қалайды.
Ресейлік саясаттанушылар Либералдық-демократиялық партияның іс жүзінде оппозициялық партия емес, билік жағында белсенді ойнайтынын атап өтеді. партия «өркениеттерге» қатты мән береді, және Ресейдің өзінің «табиғи шекараларын» (партияның пікірінше, Күнгей Кавказ, Орталық Азия, Беларусь және Украина) қалпына келтіруді қалайды. РЛДП АҚШ пен НАТО-ны Ресейдің негізгі сыртқы қауіптері ретінде қарастырады. Партия Балтық жағалауы елдеріндегі этникалық орыстарға қатысты кемсітушілікті қатаң сынға алып, оларға Ресей азаматтығын беруді және кемсітушілік заңдардан қорғауды талап етті. Өзінің кейде айтылатын оппозициялық сөзіне қарамастан, партия Үкімет ұсынған заң жобаларына дауыс береді. Партия Ресей үкіметімен қаржыландырылады деген болжамдар бар.
Жириновскийдің "Ресей негізінен монархия" және президенттік мерзімді "алып тастай салуға болады" деген де сөзі бар. Ол бірнеше рет "президент" лауазымының "Жоғарғы Қолбасшы" атауына өзгерту керек деп санайтынын айтқан.
Басшылығы
Басшыларының тізімі
Партияның құрылғанынан бері екі ғана басшысы болған.
# | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Қызметі | Биліктегі мерзімі | |
---|---|---|---|---|---|
Кеңес Одағы Либералдық-Демократиялық партиясы (1990–1992) | |||||
1 | ![]() | Владимир Вольфович Жириновский (1946–2022) ![]() | 13 желтоқсан 1989 | 18 сәуір 1992 | 857 күн (2 жыл, 4 ай, 5 күн) |
Ресейдің Либералдық-Демократиялық партиясы (1992 бері) | |||||
1 | ![]() | Владимир Вольфович Жириновский (1946–2022) ![]() | 18 сәуір 1992 | 6 сәуір 2022 | 10,945 күн (29 жыл, 11 ай, 19 күн) |
2 | ![]() | Леонид Эдуардович Слуцкий (1968 туған) | 6 сәуір 2022 | 490 күн (1 жыл, 4 ай, 3 күн) |
2016 жылғы дерек бойынша партияның 85 түрлі субъектте филиалы бар, және 2019 жылы 297,345 мүшесі болған. 2008 жылы Колтон, Хейл және Макфол жүргізген сауалнамаға жүгінсек, Ресей халқының 4 пайызы партияға адал.
Сайлаулардағы нәтижелері
Президент сайлаулары
Сайлау | Үміткері | 1-айналымы | 2-айналымы | Нәтижесі | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Дауыс саны | % | Дауыс саны | % | ||||
![]() | Владимир Жириновский | 6,211,007 | 7.81 | Сайланбады![]() | |||
1996 | 4,311,479 | 5.70 | Сайланбады![]() | ||||
2,026,513 | 2.70 | Сайланбады![]() | |||||
![]() | 1,405,315 | 2.02 | Сайланбады![]() | ||||
![]() | Владимир Жириновский | 6,988,510 | 9.35 | Сайланбады![]() | |||
4,458,103 | 6.22 | Сайланбады![]() | |||||
4,154,985 | 5.65 | Сайланбады![]() | |||||
2024 | ![]() | Леонид Слуцкий | 2,795,629 | 3.24 | Сайланбады![]() |
Парламент сайлаулары
Сайлауы | Төрағасы | Дауыс саны | % | Мандат саны | +/– | Орны | Позициясы (де-юре) | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | Владимир Жириновский | 12,318,562 | 22.92 | 64 / 450 | 1 | Оппозиция | ||
7,737,431 | 11.18 | 51 / 450 | ▼ 13 | ▼ 3 | Оппозиция | |||
3,990,038 | 5.98 | 17 / 450 | ▼ 34 | ▼ 5 | Оппозиция | |||
6,944,322 | 11.45 | 36 / 450 | ▲ 19 | ▲ 3 | Оппозиция | |||
5,660,823 | 8.14 | 40 / 450 | ▲ 4 | ▬ 3 | Оппозиция | |||
7,664,570 | 11.67 | 56 / 450 | ▲ 16 | ▼ 4 | Оппозиция | |||
6,917,063 | 13.14 | 39 / 450 | ▼ 17 | ▲ 3 | Оппозиция | |||
4,252,096 | 7.55 | 21 / 450 | ▼ 18 | ▼ 4 | Оппозиция |
Қосымша ақпарат
- Кейбір бақылаушылар РЛДП-ны жалған оппозиция болып сипаттайды.
Дереккөздер
- Ruth Wodak The Politics of Fear: What Right-Wing Populist Discourses Mean — 2015. — .
- Russia (ағыл.). Parties and Elections in Europe. Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- Neofascism (ағыл.). Britannica. Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- Председатель Либерально-демократической партии Азербайджана Фуад Алиев встретится с Владимиром Жириновским (орыс.) (7 декабря 2005). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- ГАЦАК, Максим С кем дружат белорусские партии? (орыс.). Деловая Газета (13 марта 2013). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- Встреча Владимира Жириновского с делегацией Сербской радикальной партии Wayback Machine мұрағатында
- Делегация ЛДПР вернулась из Туркменистана Wayback Machine мұрағатында
- Партия Wayback Machine мұрағатында
- Устав Политической Партии ЛДПР — Либерально-Демократической партии России Wayback Machine мұрағатында
- Либерально-демократическая партия России (ЛДПР) (орыс.). Вести (13 сентября 2011). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- ПЕРЦЕВ, Андрей Либерально-демократическая партия России (орыс.). (12 сентября 2016). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- Либерально-демократическая партия России, историческая справка (орыс.). Азаттық радиосы (11 октября 2007). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- По отработанному сценарию Wayback Machine мұрағатында (от 27 қыркүйектің 2007)
- УСОВ, Алексей WSPA и PETA обвинили Жириновского в жестоком обращении с ослом (орыс.). НОВЫЙ ДЕНЬ (8 февраля 2012). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
- В сети представлен ролик "Жириновский, и будет лучше!" Wayback Machine мұрағатында
- Экс-губернатор Хабаровского края Сергей Фургал приговорён к 22 годам колонии (орыс.). Азаттық радиосы (10 февраля 2023). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
- В Благовещенске прошла акция в поддержку Сергея Фургала (орыс.) (18 июля 2020). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
- Жириновский пообещал добиться помилования Фургала (орыс.) (23 июля 2020). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
- Стали известны подробности смерти Жириновского (орыс.). LENTA.RU (6 апреля 2022). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- Слуцкий избран новым лидером ЛДПР после смерти Жириновского (орыс.). LENTA.RU (27 мая 2022). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- В ЛДПР рассказали о курсе партии после смерти Жириновского (орыс.). газета.RU (4 июня 2022). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- МАКАРКИН, А. ЛДПР: в пятый раз в думе (орыс.). Ежедневный журнал (27 сентября 2007). Тексерілді, 6 тамыз 2023.
- "СТРУКТУРА, ИСТОРИЯ, ПРОГРАММА, УСТАВ, ГИМН — ЛДПР" (орыс.). РЛДП-ның ресми сайты.
- ШЕХОВЦОВ, Антон Russia and the Western Far Right: Tango Noir.
- HALE, Henry E. Russia's political parties and their substitutes — 2010. — .
- Жириновский: «Россия — это монархия, долой ограничения по президентским срокам» (орыс.). РАДИО КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА (5 июня 2020). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
- Жириновский предложил Путину стать Верховным правителем (орыс.). РБК (14 августа 2014). Тексерілді, 9 тамыз 2023.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер