Ретинол немесе A1 дәрумені — майда еритін дәрумен, биологиялық белсенді қоспаларға жатады.
Ретинол (Retinol) | ||
(2E,4E,6E,8E)-3,7-dimethyl-9-(2,6,6-trimethylcyclohex-1-en-1-yl)nona-2,4,6,8-tetraen-1-ol | ||
Брутто-формула | C20H30O | |
68-26-8 | ||
PubChem | 445354 | |
DrugBank | 00162 | |
Классификация | ||
Ретиноидтер | ||
А11С А01 | ||
Дәрілік түрлері | ||
Ақ немесе сарғыш кристалдар | ||
Сауда атаулары | ||
A дәрумені, ретинол ацетаты, ретинол пальмитаты | ||
Ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді, май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады, адам қараңғыда нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр деп атайды. Ксерофтальмия да бұның нәтижесінде пайда болады.
А дәрумені балық майында, бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.
Бұл дәруменді 1913 жылы америкалық ғалымдар ашқан. 1931 жылы швейцариялық ғалым оның химиялық құрылысын анықтады.
Тәуліктік қажеттілігі
Кім | Жасы | Ретинол нормасы, мкг/тәулік |
---|---|---|
Сәбилер | 6 айға дейін | 400 |
Сәбилер | 7—12 ай | 500 |
Балалар | 1—3 жыл | 300 |
Балалар | 4—8 жыл | 400 |
Балалар | 9—13 жыл | 600 |
Ерлер | 14 жылдан үлкен | 900 |
Әйелдер | 14 жылдан үлкен | 700 |
Дереккөздер
Тағы қараңыз
- Каротин — A продәрумені
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер