Ретранслятор (лат. translator -тасымалдаушы) — үлкен қашықтықтарда бір бірінен алыс орналасқан екі немесе одан да көп радиотаратқыштарды байланыстыратын байланыс жабдығы.
- Активті ретранслятор — байланыс жасаушы екі пункт арасында жыл-жымалы немесе жылжымайтын етіп орналастырылып, байланыс жасалатын негізгі қабылдауға және оны күшейтіп әрі қарай бағыттауға арналған қабылдаушы-беруші радиостанция. Космонавтикада радиоқабылдағышпен, радиотаратқышпен және олардың энергия көздерімен, тиісті антеннамен жабдықталған жер серіктік ретранслятор ретінде пайдаланылады;
- Пассивтік ретранслятор — негізгі сигналды күшейтпей шағылдыру арқылы оның бағытын өзгертуге арналған, өткізгіштен жасалған айналар, антенналар және басқа жазықтықтар. Оның қатарына металдардың буынан тұратын бұлт, ғарышқа орналастырылған мыс, инелер белбеуі, жер серіктеріне орналастырылған шағылдырғыштар жатады.
Ретрансляция аралық пункттерде (ретрансляторларда) сигналдарды қабылдау, оларды күшейту және басқа аралық немесе соңғы пункттерге беру. Ол байланыс қашықтығын ұлғайту үшін колданылады. Сигналдар қандай түрде қабылданса сол түрде күшейтіп қана беретін Ретрансляция және сигналдарды беру кезінде пайда болған қателіктерді түзетіп қайта өңдейтін регенеративті Ретрансляция болып бөлінеді. Сигналдарды ретрансляциялау жылдам немесе кідіріспен жүзеге асырылуы мүмкін (сигнал арнайы құрылғы жадында сақталып және алдын ала қарастырылған уақытта әрі қарай беріледі).
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
![]() | Бұл — электроника туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер