Рысқұлов атындағы даңғыл (Алматы) Даңғылға қазақтың арда ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 02.08.1974 №332 шешімі) берілген. Рысқұлов Тұрар (1894-1943) Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол Әулиеата уезі Кеңесінің төрағасы орынбасары, Түркістан қаласы ОАК мүшесі, Республиканың денсаулық сақтау халком төрағасы, Ферғана ТЖ комитетінің төрағасы. ТАССР ОАК төрағасы, РКФСР ОНК төрағасының орынбасары, Қазақ өлкелік комитеті баспасы бөлімінің-меңгерушісі, «Еңбекші қазақ» басылымының жауапты редакторы, т.б. жауапты қызметтер атқарған. Даңғыл Әуезов, Алмалы, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарын қиып өтеді. Қаланың шығысынан батысына қарай Құлжа күре жолынан басталып, дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұрынғы атаулары: Москвин; Скотопрогонная; Третьяков көшелері. Даңғылдың ұзындығы - 5600 метр.Даңғыл бойында «Қазреставрация» кәсіпорны, республикалық және қалалық өсімдік қорғау станциялары, автокомбинаттар, зауыттар, т.б. орналасқан.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2WVM5aE1DOGxSREFsUVRBbFJERWxPRUlsUkRFbE9ERWxSREFsUWtFbFJERWxPRE1sUkRBbFFrSWxSREFsUWtVbFJEQWxRakl1YW5Cbkx6SXdNSEI0TFNWRU1DVkJNQ1ZFTVNVNFFpVkVNU1U0TVNWRU1DVkNRU1ZFTVNVNE15VkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNSU1ZFTUNWQ01pNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер