Сабынкөк (лат. Scrophularia) – сабынкөктер тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық өсімдіктер, кейде бұта, жартылай бұта түрлері де кездеседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 15 түрі бар. Соның ішінде көп тараған түрі — буылтық сабынкөк (Scrophularіa nodosa), ылғалы мол орманда, бұта арасында, кейде егістікте арамшөп ретінде кездеседі. Биіктігі 120 см, сабағы төрт қырлы, жапырақтары созылыңқы, шеті ара тісті тілімделіп келген. Ұсақ гүлдері қоңыр-жасыл түсті, масақ гүлшоғырына топталған. Жемісі — қосұялы қорапша. Буылтық сабынкөктің құрамында мен алкалоидтар бар. Сабынкөктер балды, дәрілік және әсемдік өсімдіктер, араларында улы түрлері де кездеседі. Сиыр мен қой жемейді. 2 түрі: жоңғар сабынкөгі (Scrophularіa dshungarіa) және (Scrophularіa nuranіa) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Сабынкөк | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() буынды сабынкөк | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
200 түрі белгілі |
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |