«Сайран» — Алматы метросының 8-ші бекеті. Бірінші бағытта «Алатау» және «Мәскеу» бекеттерінің арасында орналасқан.
Сайран | |
Бірінші бағыт (Алматы) | |
Орналасуы | Алмалы ауданы, |
---|---|
Ашылған күні | 18 сәуір 2015 |
Тереңдігі | 11 м |
Платформалар саны | 1 |
Платформалар түрі | аралдық, тік |
Платформалар ұзындығы | 110,3 м |
Платформалар ені | 15,2 м |
Кіру-шығу | Абай даңғылы, |
Жұмыс уақыты | 06:20—00:00 |
Абай даңғылының бойында, Брусиловский және Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан. Бекет аттас суқоймасының атымен аталған, ол бекеттен бір шақырым жерде орналасқан.
Құрылысы
- 2013 жылғы сәуір — айналма жолдың құрылысы жүріп жатты.
- 2014 жылғы 1 желтоқсан — қала басшысы, Алматы қаласының әкімі барып көрді.
- 2015 жылғы 18 сәуір — метро бекеті толықтай бітіп, пайдалануға берілді.
Іске қосылуы
Іске қосу 2014 жылғы 1 желтоқсанға жоспарланған, бірақ 2014 жылдың қыркүйек айында, ол 2015 жылдың басында өтеді деп хабарланды. Кейінірек, бекетті пайдалануға дәл уақытысында тапсырылатыны мәлім болды. Метро бекеті толықтай бітіп, 2015 жылы 18 сәуірде пайдалануға берілді.
Техникалық сипаттамасы
Ұсақ төселген бекет тереңдігі 11 метрді құрайтын платформаға дейін орналасқан, платформаның шет жағында орналасқан және бекеттің платформасымен әрбір вестибюль жағынан биіктігі 4,0 м баспалдақпен байланысқан, екі жерасты вестибюлінен тұрады.
Бекеттің вестибюльдеріне кіретін жерлері әрбір вестибюльге екі жер үстіндегі павильон арқылы қарастырылған. Әрбір павильон биіктігі 6,8 метрден 8,3 метрге дейінгі екі эскалатор және баспалдақ арқылы вестибюльмен біріктірілген.
Архитектурасы мен безендірілуі
Бекет ашық түстермен безендірілген. Бағандар сарғыш гранитпен безендірілген. Жол қабырғаларында Тамғалыға ұқсайтын кемпірқосақ пен петроглифтер бейнеленген. Дизайны Алматы маңындағы тарихи нысанға да, балалық шаққа да қатысты безендірілген, бұл жақын маңдағы Н. Сац атындағы жас көрермендер театры және жазда тұрғындардың шомылатын орны — Сайран су қоймасына байланысты.
Жақын орналасқан нысандар
- «Темкен» медициналық орталығы
- Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты
- М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия
- «ADK» сауда ойын-сауық кешені
- Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі
Дереккөздер
- Назарбаев открыл станции метро «Сайран» и «Москва» в Алматы (орыс.). Forbes Kazakhstan (18 сәуір 2015).
- Станции "Сайран" и "Москва" алматинского метро будут сданы в эксплуатацию в 2015 году только после испытаний (орыс.). zakon.kz (1 желтоқсан 2014).
- Алматыда жаңадан екі метро бекеті ашылды. 7kun.kz.(қолжетпейтін сілтеме)
- Запуск новых станций метро Алматы переносится на 2015 год (орыс.). Tengrinews.kz (8 қыркүйек 2014).
- Станции метро Алматы "Москва" и "Сайран" откроют 1 декабря (орыс.). Tengrinews.kz (12 тамыз 2014).
Сілтемелер
- «Сайран» бекеті. metroalmaty.kz. Басты дереккөзінен 24 тамыз 2022.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер