Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы атамекені Оңтүстік-батыс Қазақстан аймағы мен Сырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пен Қаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғыз тайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияның төменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж. Зарафшан мен тауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды (1038 — 63) пен (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алып-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах I (1072 — 92), Санжар сұлтан (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды.
Галерея
- , Тегерандағы 12 ғ. ескерткіші.
- Селжүк дәуірінің өнері: Гераттан құмыра, 1180-1210 жж. Британ мұражайы.
- Салжұқ ақсүйек бас мүсіні, 12–13 ғасырлар, Иран. .
- шахмат жинағы, жылтыратылған ыдыс-аяқ, 12 ғасыр, Ираннан. Нью-Йорк Метрополитен өнер мұражайы.
Дереккөздер
- Black Jeremy The Atlas of World History — American Edition, New York: Covent Garden Books, 2005. — P. 65, 228. — . This map varies from other maps which are slightly different in scope, especially along the Mediterranean and the Black Sea.
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
- Лембтон Э. К., Ирандағы селжұқтардың қоныстану аспектілері // Мұсылман әлемі 950 — 1150, М., 1981;
- Агаджанов С. Г., Государство сельджукидов и Средняя Азия в ХІ—ХІІ вв., М., 1991.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер