Сальваторе «Тото» Скиллачи (итал. Salvatore "Toto" Schillaci; 1 желтоқсан 1964 жыл, Палермо, Италия) — футболшы, Италия Ұлттық футбол құрамасының 1990-1992 жылғы шабуылшысы.
Сальваторе Скиллачи | |||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты | Сальваторе Скиллачи | ||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары | Тото | ||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | 1 желтоқсан 1964 (59 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 175 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында 6 гол соғып, сұрмерген атанды. Карьерасын өзінің туған қаласы Палермодағы "АМАТ Палермо" клубында бастаған. Кейін Италияның "Мессина", "Ювентус", "Интер", және Жапонияның "" клубтарында доп тепкен.
Италия құрамасы сапында жеті гол соққан. Бір қызығы, соның алтауын 1990 жылы әлемдік додада соғып, тарих төрінен берік орын алды. Чемпионатқа Скиллаччи емес, Виалли мен Карневале негізгі шабуылшы ретінде барған-ды. Бірақ бірінші турдағы Аустрия құрамасымен ойында ұзақ уақыт есеп ашылмай, бапкер ойынға Скиллачиді қосады. 78-минутта Скиллачи сол қанаттан асырылған допты баспен соғып, командасына жеңіс әпереді. Бұл чемпионаттағы ғана емес, ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голы-тұғын. Скиллачи үшінші турда да Чехословакияның қақпасына гол соғады. Осылайша топтық турнир біткенше Виалли-Карневале жұбын енді Роберто Баджо-Скиллачи жұбы алмастырады.
Скиллачи плей-офф кезеңіндегі матчтардың барлығында және үшінші орын үшін Англиямен өткен ойында да бір-бір голдан соғады. Чемпионаттан кейін тек бір рет қана, 1991 жылы Норвегияның қақпасына бір доп енгізіп, қайтадан құрама ойындарында көзге түсе алмайды.
Жетістіктері
- Италия кубогы: 1989/90
- УЕФА кубогы: 1989/90, 1993/94
- Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1990
- Әлем чемпионатының үздік мергені: 1990 (6 гол)
Құрамадағы голдары
# | Дата | Қала | Қарсылас | Есеп | Нәтиже | Турнир |
---|---|---|---|---|---|---|
1. | 9 маусым 1990 | Рим | ![]() | 1-0 | 1-0 | ӘЧ-1990, топтық турнир |
2. | 19 маусым 1990 | Рим | ![]() | 1-0 | 2-0 | ӘЧ-1990, топтық турнир |
3. | 25 маусым 1990 | Рим | 1-0 | 2-0 | ӘЧ-1990, 1/8 | |
4. | 30 маусым 1990 | Рим | 1-0 | 1-0 | ӘЧ-1990, 1/4 | |
5. | 3 шілде 1990 | Неаполь | 1-0 | 1-1, пен. 3-4 | ӘЧ-1990, 1/2 | |
6. | 7 шілде 1990 | Бари | 2-1 | 2-1 | 3-орын үшін | |
7. | 5 маусым 1991 | Осло | 1-2 | 1-2 | ЕЧ-1992 іріктеуі |
Дереккөздер
Сілтемелер
- Профилі 6 мамырдың 2017 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер