Сарказм (гр. sarkasmos — ащы мысқыл, жанға батыру) — күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Иронияда зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Сарказм көне грек әдебиетінен бүгінге дейінгі сатиралық шығармалардың көпшілігінде кездеседі, әсіресе ауыз әдебиетінде молынан ұшырасады. Қожанасыр туралы әңгімелер иронияға негізделсе, жайындағы әңгімелер ащы мысқылға, уытты кекесінге құрылған. Ақындар айтыста қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп, келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында Сарказмды қолданған. Махамбеттің, өлеңдеріндегі өткір де уытты кекесіннен, ашықтан-ашық шенеп-мінеуден Сарказм айқын көрінеді. Абай өлеңдерінде ирониядан гөрі Сарказм басым көрінеді.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер