Сартай батыр, Сартай Байжанұлы (шамамен 1711 — 1785) — батыр, би. Алшын тайпасының Шекті руының Жақайым аймағының Бәйімбет аталығынан шыққан.[]
Әдебиет
Сартайдың есімі көптеген әдеби мұраларды кездеседі: А. И. Левшиннің «Описание киргиз-кайсацких орд и степей» А. И. Тевкелевтің «Күнделіктерінде» М. П. Вяткиннің «Сырым батыр».
Тевкелев өзінің күнделігінде 1732 жылғы 6 наурызда Сартай батырмен әңгімелескенін жазады. Генерал-губернатор О. А. Игельстромның 1785 жылы «Кіші жүзді басқару жөніндегі реформасы» бойынша Сартай батыр, Қаракөбек би мен Мұратбек би үшеуі Әлімұлын басқарған.
Сартай батырдың ерлігі мен елшілік қызметі туралы “Мың бала” немесе “Сартай батыр” деп аталатын дастанында айтылады. Осы дастаны үшін Қосжанұлы 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, шығармаға тыйым салынды. Жырда мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілқайыр хан басқарған сарбаздар құрамында болғаны айтылады. Сартайдың (Шұбартеңіз), Қалмаққырылған және Аңырақай шайқастарына қатысқандығы туралы тарихи дерек бар. Ел ішіндегі аңыз әңгімелерге қарағанда Сартай тек батыр ғана емес, би де болған. Оның Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу сәтіндегі талас-тартыста хан саясатын қолдамаған Тевкелев, Мейер жазбаларынан білеміз.
Батырдың өз өсиеті бойынша денесі Қазалы қаласының оңтүстігіндегі Қызылдың құмындағы қорымына жерленген.
Жаужүрек мың бала
2011 жылы Қазақстанда Сартай батыр туралы тарихи деректер негізінде Жаужүрек Мың бала көркем фильмі түсірілген.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер