Сарыбұлақ – Айтау тауындағы өзен.
Сарыбұлақ өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 82 км |
Су алабының ауданы | 210 км² |
Бастауы | Айтаудың шығыс баурайы |
• Координаттары | 43°48′51″ с. е. 75°15′21″ ш. б. / 43.81417° с. е. 75.25583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Сексеуілдала жазығына жетпей тартылып қалады |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы |
Географйиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 210 км2.
Бастауы
Бастауын Айтаудың шығыс баурайынан алып, әуелі солтүстікке, одан кейін батысқа қарай бұрылып ағады да, Сексеуілдала жазығына жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы
Су арнасында көктем айларында (наурыз — мамыр) ғана болады. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жағалауы мал жайылымы үшін пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том