Сарыбұлақ – Нұра алабындағы өзен.
Сарыбұлақ өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 126 км |
Су алабының ауданы | 1949 км² |
Су алабы | Нұра |
Бастауы | Бақты тауының батыс беткейі |
Сағасы | Талды өзені |
• Координаттары | 49°32′58″ с. е. 75°53′57″ ш. б. / 49.54944° с. е. 75.89917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°32′58″ с. е. 75°53′57″ ш. б. / 49.54944° с. е. 75.89917° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 126 км, су жиналатын алабы 1949 км2.
Бастауы
Бақты тауының батыс беткейінен басталып, Байтайлақ тауына жетпей Талды өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Оң жағалауы жарлы, сол жағы жайпақ. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,04 м3/с. Суын шаруашылық қажетіне және мал суаруға пайдаланады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том