Сарыбұлақ – Шу алабындағы өзен.
Сарыбұлақ өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 127 км |
Су алабының ауданы | 3720 км² |
Су алабы | Шу |
Бастауы | Бетпақдаланың оңтүстік бөлігіндегі аласа төбешіктер |
• Координаттары | 43°32′07″ с. е. 74°23′58″ ш. б. / 43.53528° с. е. 74.39944° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жуансор елді мекені тұсында тартылып қалады |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандары |
Географиялық орны
Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 127 км, су жиналатын алабы 3720 км2.
Бастауы
Бетпақдаланың оңтүстік бөлігіндегі аласа төбешіктерден басталып, Көкқайнар ауылы тұсында тартылып қалады.
Гидрологиясы
Қар суымен толығады. Жағасы аласа жарлы. Көктемде арнасында 10-15 күндей ағын болып, жазда тартылып, су тапшы жылдары құрғақ арнаға айналады. Жылдық орташа су ағымы Ақбастауға құяр тұсында 0,05 м3/с.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том