Сарыесік – Балқаш көлінің оңтүстік жағалауының ортаңғы бөлігіндегі түбек.
Сарыесік түбегі | |
Орналасуы | |
---|---|
46°35′59″ с. е. 75°28′19″ ш. б. / 46.59972° с. е. 75.47194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°35′59″ с. е. 75°28′19″ ш. б. / 46.59972° с. е. 75.47194° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Балқаш |
Ел | |
Сипаты
Түбек көл айдынының батыс жағындағы тұщы бөлігін шығыстағы тұзды бөліктен бөліп тұрады. Солтүстікке қарай бағытталған түбектің ұзындығы 30 км, ені 7 км. Сарыесік пен Балқаштың солтүстік жағалауы аралығында, ені 4 км-дей бұғазы бар. Түбектің саздауыт, жазық жағы ортаңғы бөлігінде дөңестеніп, көл суының деңгейінен 3 м-ге дейін биіктейді. Кей жерлерін су басуына байланысты шағын жеке аралдар пайда болған.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),