Сарыоба – Желдіадыр тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Сарыоба | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Желдіадыр таулары |
Ұзындығы | 3 км |
Ені | 1,5 км |
Биіктігі | 484 м |
Орналасуы | |
49°33′44″ с. е. 68°50′08″ ш. б. / 49.56222° с. е. 68.83556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°33′44″ с. е. 68°50′08″ ш. б. / 49.56222° с. е. 68.83556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Талдысай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 484 м. Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 3 км, енді жері 1,5 км. Тау басы доғал, беткейлері көлбеу келген. Солтүстігінде өзенінің негізінде шағын бөгендер салынған. Солтүстік-шығысында Қарасай, оңтүстігінде, Тараншы өзенінің бойында Талдысай қыстауы орналасқан.
Өсімдігі
Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында қараған, тобылғы бұталары аралас жусанды-бетегелі қуаң дала ландшафтысы қалыптасқан. Етегі мал жайылымына қолайлы.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),