«Сарышаяндар патшасы» (ағылш. The Scorpion King) — 2002 жылғы америкалық шытырман оқиғалы фильм. «Мумия қайта оралады» фильмінің спин-оффы. Басты рөлді рестлер Дуэйн Джонсон сомдады. Фильмнің слоганы: «Жауынгер, аңыз, патша».
Сарышаяндар патшасы | |
Жанры | атыс-шабыс |
---|---|
Режиссёрі | Чак Рассел |
Продюсері | Стивен Соммерс |
Сценарийдің авторы | Стивен Соммерс |
Басты рөлдерде | Дуэйн Джонсон |
Операторы | Джон Р. Леонетти |
Композиторы | Джон Дебни |
Кинокомпания |
|
Ұзақтығы | 93 мин. |
Бюджеті | $ 60 000 000 |
Кассалық түсімі | $ 164 996 077 |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм | Сарышаяндар патшасы 2 |
IMDb | |
http://www.the-scorpion-king.com |
Сюжет
Аккадтық жалдамалы кісі өлтіруші Метаес Мемнон патшаның көріпкелі Касандраны өлтіру туралы бұйрық алады. Шабуыл барысында Метаестің өзі және серіктері тұтқынға түседі. Мемнон Метаестің тұтқынға түскен ағасын өлтіреді. Метаес қашып шығып, Мемноннан кек алуға шешім қабылдайды. Оған кек жолында патшаның көріпкелі көмектеседі. Касандраның болашақты болжайтын қасиеті бар болатын. Метаес пен Касандра нубиялық қолбасы Балтазардың қолына түсіп қалады. Балтазар мен Метаес жекпе-жекке шығып, Метаес жеңіске жетеді. Балтазар Метаеспен бірге Мемнон патшаға қарсы соғысуға келісім береді. Метаес патша сарайында жүріп, өнертапқышпен танысады. Өнертапқыш жарылғыш зат ойлап тапқан болатын. Метаес патшаны жекпе-жекте жеңеді. Мемнон мұнара басынан құлап, сол сәтте өнертапқыш жарылғышты жарып, Мемнонның күлі көкке ұшады. Метаес ағасының кегін алады. Сөйтіп Метаес патша әскерлеріне ие болып, Сарышаяндар патшасы атанады. Касандра Метаестің жары атанады.
Рөлдерде
Актёр | Рөл |
---|---|
Дуэйн Джонсон | Метаес, Сарышаяндар патшасы |
Роджер Рис | патша Ферон |
Стивен Брэнд | Мемнон |
Майкл Кларк Дункан | Балтазар |
Келли Ху | Кассандра |
Бернард Хилл | Филос |
Грант Хеслов | Арпид-барымташы |
Ральф Мёллер | Торак |
Бранскомб Ричмонд | Джесап |
Шерри Ховард | ханшайым Исида |
Такмет |
Саундтрек
- «I Stand Alone» — Godsmack
- «Set It Off (Tweaker Remix)» — P.O.D.
- «Break You» — Drowning Pool
- «Streamline» — System of a Down
- «To Whom It May Concern» — Creed
- «Yanking Out My Heart» — Nickelback
- «Losing My Grip» — Hoobastank
- «Only the Strong» — Flaw
- «Iron Head» — Rob Zombie feat. Ozzy Osbourne
- «My Life» — 12 Stones
- «Along the Way» — Mushroomhead
- «Breathless» — Lifer
- «Corrected» — Sevendust
- «Burn It Black» — Injected
- «27» — Breaking Point
- «Glow» — Coal Chamber
Дереккөздер
- The Scorpion King 4: Quest for Power (2015) (V). IMDb. Тексерілді, 4 қазан 2014.
- Exclusive interview: Eve Torres on life after WWE. WWE. Тексерілді, 4 қазан 2014.
Сілтемелер
- Фильмнің ресми сайты 3 қыркүйектің 2004 жылы.
- «Сарышаяндар патшасы» (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер