Бұл мақала әлі өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Сауыр таулары - тау жүйесі және Тянь-Шань екі ірі тауның торабында жатқан таулар. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 50 км. Сауырдың шыңдары тегіс және күмбез тәрізді. Сауыр шыңдарынан Зайсан көліне Үлкен Ұласты, Кендерлік, Қараүңгір, Обалы, Теректі, Жеменей, Үйдене өзендері ағады. Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы және Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала-сы болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік бет-кейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жемісжидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, Түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол әрі таудың батыс беткейінде бақтар бар. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWlMMkl6TDFKbGJHbGxabDlOWVhCZmIyWmZTMkY2WVd0b2MzUmhiaTV3Ym1jdk1qSXdjSGd0VW1Wc2FXVm1YMDFoY0Y5dlpsOUxZWHBoYTJoemRHRnVMbkJ1Wnc9PS5wbmc=.png)
Тағы қараңыз
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер