Шаймерденов Саян Сафуанұлы (27.11.1953, Алматы — 15.2.2002, сонда) — хоккейші, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1981), Қазақстан Республикасына еңбек сіңіршен жаттықтырушы (1987). кеңесінің мүшесі (1999). Бапкерлері — В.А. Алешин, Э.Ф. Айрих. Алматының “” және КСРО құрама командасы сапында өнер көрсеткен. Бұрынғы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1975). КСРО-ның жастар арасындағы (1971) және ересектер арасында 9 дүркін чемпионы (1972 — 73, 1975 — 79, 1981 — 82), екі рет күміс жүлдегері (1974 — 80). КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1979). Еуропа чемпиондары кубогының (1982, Париж, Франция) және КСРО кубогының иегері (1982). “Динамоның” алты жыл (1976 — 82), КСРО құрамасының бес жыл (1977 — 82) капитаны болған. 1982 жылдың соңында бапкерлік жұмысқа ауысты. Көгалдағы хоккейден қыздар құрама командасының бас бапкері және респупликалық көгалдағы хоккей федерациясының президенті болды. Шаймерденовке Алматы қаласында көше аты берілген.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |