Сейдалин Әлмұхамед (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз сұлтаны, Орыс географиялық қоғамының мүшесі.
Әбілқайыр әулетінің өкілі, атасы Сейдалы бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. 1855 жылы Сейдалин Орынбордағы кадет корпусының азиялық бөлімін бітіріп шығып, прапорщик шенінде Орынбор әскери корпусының 4-жаяу әскер батальонында қызмет атқарды. 1856 жылы Шекаралық комиссия төрағасының тілмаштығына ауыстырылды. Шығыстанушылар ,, жақын таныс болған. 1856 және 1860 жылдары Санкт-Петербургке жіберілген қазақ делегациясының тілмашы болып, сол сапарларында Ш.Уәлиханов және В.В. Вельяминов-Зерновпен танысқан. 1859 жылы Арал флотилиясының 1-рангілі капитаны Қоңыратқа жасаған экспедициясына қатысты. 1860 – 65 жылдары шаруашылық мәселелермен айналысты. Сейдалин халықтық дәстүрлер мен құқықтың терең білгірі ретінде жерлестері арасында үлкен беделге ие болды. 1865 жылы Түркістан өлкесін зерттеу жұмысына қатысты. 1866 – 69 жылдары Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтаны болды. 1869 жылы полковник Мұхамеджан Баймұхамедовпен бірге “” қарсы көтеріліс жасаған қазақтармен келіссөздер жүргізуге жіберілді. Келіссөзден кейін Сейдалинге атағы беріліп, Торғайға сот жұмысына жіберілді. 1869 – 89 жылдары шешекке қарсы егу жұмыстарын ұйымдастыруға, Ы.Алтынсаринмен бірге Ырғызда, Қостанайда, Ақтөбеде, Қарабұтақта орыс-қазақ мектептерін ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласты. 1876 жылы шығыстанушылардың бүкілдүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысқан.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер