Мұстафин Сейіт-Баттал (1889, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы – 16 қыркүйек 1937, Қызылжар қаласы) – ағартушы-ұстаз. Ауылда мұсылманша хат таныған соң, Ыстанбұл қаласындағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыған (1908 – 1913). 1918 жылы 31 қазанда Семей қаласында ашылған педагогикалық курсқа Қ.Сәтбаев, М.Тұрғанбаевтармен бірге мұғалім болып тағайындалып, қазақ тілі, қазақ тарихы және физика пәндерінен дәріс оқыды. Семейде Ж.Аймауытов, М.Әуезовпен бірге “Абай” журналын шығарысып, оның белсенді авторы болды, “Айқап” журналы мен “Алаш” газетінің жұмысына да белсене қатысты. Мұстафин Сейіт-Баттал қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, әсіресе Төле би, , Орынбай, Өске, Шортанбай сияқты белгілі би, ақындардың өлең-жырларын, өсиет сөздерін, қолжазбаларын жинастырды. Түріктің “Көксанжақ” романын қазақ тіліне аударған. 1920 – 2195 жылы Көкшетау қаласында ағарту бөлімінде, 1925 – 1930 жылы Қызылжар қаласынндағы педагогикалық техникумда қызмет атқарды. 1930 – 1933 жылы туған жерінде, 1933 – 1937 жылы Степняк қаласында мұғалім болды. 1937 жылы 25 сәуірде тұтқынға алынып, “” деген айып тағылып, ату жазасына кесілген. 1958 жылы 28 желтоқсанда ақталған.
Сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ ЖАЙЛЫ 3 желтоқсанның 2011 жылы.
Дереккөздер
1. Қазақ энциклопедиасы, 6 том.
Толықтыру
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер