Сент-Китс және Невис Федерациясы (ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis, [seɪnt ˌkɪts ænd ˈniːvɪs] тыңдау), сонымен қатар Сент-Кристофер және Невис федерациясы (ағылш. Federation of Saint Christopher and Nevis) — Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет, Кариб теңізінің ең кіші мемлекеті.
Сент-Китс және Невис Федерациясы ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis | |||||
| |||||
Ұран: «Country Above Self» «Елім өзімнен жоғары» | |||||
Әнұран: (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 19 қыркүйек 1983 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын тілі | ||||
Елорда | |||||
Ірі қаласы | Бастер | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы | III Чарльз | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы | Әлем бойынша 188 орын 261 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы | 54 821 адам (209) 46 204 адам 164 адам/км² (64) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда | 1,758 млрд. $ 31,095 $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда | 1,058 млрд. $ 18,714 $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,778 (жоғары) (72) | ||||
Валютасы | (XCD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | |||||
ISO коды | KN | ||||
ХОК коды | SKN | ||||
Телефон коды | +1-869 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−4:00 |
Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы орналасқан қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания монархы басқаратын Ұлттар Достастығы мүшесі. Астанасы — қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы — . Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы — Ұлт күні — 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі — . Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі.
Географиясы
Сент-Киттс және Невис жері негізінен таулы вулканды болып келеді. Климаты тропикалық пассатты. Ең биік нүктесі (1155 м) — Сент-Китс аралында. Айлық орташа температура 18 — 24С, жауын-шашын мөлшері 700 — 1200 мм. Таулардың аңғарларын қант құрағы мен мақта плантациялары алып жатыр. Ал жоғары бөліктері — таулы тропикалық орман жамылғысы. Ел аумағы жануарлар дүниесіне кедей. Сент-Киттс және Невисті 1493 ж. Х.Колумб ашты. 1623 жылға дейін Испанияның отары болды. 1623 ж. ағылшындардың, 1627 ж. француздардың қарамағына өтті. 17 — 18 ғасырларда Ұлыбритания мен Франция аралығындағы даулы аймаққа айналып, 1783 ж. ағылшындардың отарына айналды. 1958 — 62 ж. құрамына кірді. 1967 ж. ақпанда Ұлыбритания қарамағындағы өзіндік басқару құқығына ие болып, 1983 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.
Экономикасы
Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылық қант құрағы, мақта, кокос пальмасы, күріш, және банан өсіріледі. Балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм дамыған. Тұз өндіріледі. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, т.б. шығарылады. Елде қант з-ты жұмыс істейді. Сыртқа қант құрағын, мақта және кокос майын, электроника, мақта шығарады. Импортының негізін құрал-жабдықтар мен мұнай өнімдері құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 7730 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Кариб бассейні елдері, АҚШ.
Дереккөздер
- https://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2019/01/weodata/weorept.aspx?pr.x=54&pr.y=18&sy=2017&ey=2024&scsm=1&ssd=1&sort=country&ds=.&br=1&c=361&s=NGDPD%2CPPPGDP%2CNGDPDPC%2CPPPPC&grp=0&a=
- https://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2019/01/weodata/weorept.aspx?pr.x=54&pr.y=18&sy=2017&ey=2024&scsm=1&ssd=1&sort=country&ds=.&br=1&c=361&s=NGDPD%2CPPPGDP%2CNGDPDPC%2CPPPPC&grp=0&a=
- 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер