Сергей Жұмабайұлы Әзімов (1954 жылы 30 маусымда ӨзКСР-ның Қарақалпақстанындағы Нүкіс қаласы) — кинорежиссер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1990).
Сергей Жұмабайұлы Әзімов | |||||
Жалпы мағлұмат | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Мамандығы | кинорежиссер, продюсер | ||||
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Әкесі - Әзімов Жұмабай (1924-1994), ҰОС қатысқан,орталықтық газеттер мен журналдардың бірқатарының журналисі болған. Анасы - Әзімова Лидия Николаевна (1930 жылы туған), зейнеткер, қаржы қызметкері болған.
- Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинорежиссура факультөтін бітірген (Мәскеу қаласы, 1978), деректі кино мен телефильмнің режиссері. Көрнекті кинодокументалист-шебер Р.Л.Карменнің шеберханасында тәжірибеден өткен.
- Еуразия телеакадемиясының толық мүшесі (Мәскеу қаласы , 2005).Республикалық және халықаралық БАҚ-дағы кинематография бойынша жазылған бірқатар мақалалардың авторы.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1970 жылдан - ӨзКСР Қарақалпақстанындағы Нүкіс аудандық «Коммунизм байрағы» газеті редакциясының әдеби қызметкері. 1971-1973 жылдары - «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі, режиссердің ассистенті. 1978 жылдан - «Қазақфильм» студиясында 3-ші санаттағы кинорежиссер. 1979 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1980 жылдан - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында хроникалық-деректі фильмдердің 3-ші, 2-ші, 1-ші және жоғары санаттардағы кинорежиссері. 1996 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан - «ҚР Президентінің телерадиокешені» мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары, Алматы қаласындағы филиалының директоры. 2001 жылдан - «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ бағдарламалар дирекциясының №1 шығармашылық-өндірістік бірлестігінің бас продюсері. 2002 жылдан - «Хан Тәңірі» тәуелсіз продюсерлік орталығының бас директоры. 2002 жылдан - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясының бас директоры. 2007 жылдан бері - «Панарис» кинокомпаниясының директоры.
Мемлекеттік марапаттары
- 1990 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
- 1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
- 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- 2006 жылы «Құрмет ордені»
- 2014 жылы президент жарлығымен мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
- КСРО және Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі.
Жеке қасиеттері
- «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.
- Әскери атағы - аға лейтенант.
- Діни көзқарасы - діни төзімділік.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш.де Голль, М.Шоқай.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген зайырлы демократиялық мемлекет».
- Үйленген. Жұбайы - Әзімова Марзан (1964 жылы туған), дәрігер.Қыздары - Дария (1987 жылы туған), Әлия (1997 жылы туған), Дамели (2007 жылы туған); ұлы - Адайхан (1990 жылы туған).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер