![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958, Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақстан Республикасының VIII Премьер-Министрі (2012), Қарағанды облысының әкімі (2009-2012).
Серік Нығметұлы Ахметов | |||||
![]() | |||||
Лауазымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
| |||||
3 сәуір 2014 — 22 қазан 2014 | |||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | Әділбек Жақсыбеков | ||||
Ізбасары | Иманғали Тасмағамбетов | ||||
| |||||
24 қыркүйек 2012 — 2 сәуір 2014 | |||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||
Ізашары | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізбасары | Кәрім Мәсімов | ||||
| |||||
20 қаңтар 2012 — 24 қыркүйек 2012 | |||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | Өмірзақ Естайұлы Шөкеев | ||||
Ізбасары | лауазымы ыдыратылған | ||||
| |||||
19 қараша 2009 — 20 қаңтар 2012 | |||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | ||||
Ізашары | Нұрлан Нығматуллин | ||||
Ізбасары | Әбілғазы Құсайынов | ||||
| |||||
26 қыркүйек 2006 — 3 наурыз 2009 | |||||
Ізашары | Асқар Мамин | ||||
Ізбасары | Әбілғазы Құсайынов | ||||
Өмірбаяны | |||||
Ғылыми дәрежесі | Экономика ғылымдарының докторы | ||||
Дүниеге келуі | 25 маусым 1958 (65 жас) Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан | ||||
Жұбайы | Любовь Михайловна Ахметова | ||||
Балалары | Қызы: Жанна (1980); ұлы: Данияр (1985) | ||||
Марапаттары |
| ||||
Серік Нығметұлы Ахметов Ортаққорда | |||||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған. Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО-ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.
- Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған;
- 1976 - 1978 жылдары Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған;
- 1979 - 1985 жылдары токарь, комбинаттағы хатшы орынбасары, кейін комитет хатшысы болды;
- 1985 - 1986 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;
- 1986 - 1989 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;
- 1989 - 1990 жылдары Қарағанды партия обкомының жауапты ұйымдастырушысы;
- 1993 - 1994 жылдары Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы;
- 1994 - 1995 жылдары «Футау» біріккен кәсіпорынның Директоры;
- 1996 - 1998 жылдары «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры;
- Ақпан 1998 - наурыз 2001 жылдары Қазақстан Республикасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінде Мемлекеттік инспектор;
- Наурыз 2001 - маусым 2003 жылдары Теміртау қаласының әкімі;
- Маусым 2003 - Сәуір 2004 жылдары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
- Сәуір 2004 - наурыз 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі;
- Наурыз 2005 - 25 қыркүйек 2006 жылдары «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор;
- 25 қыркүйек 2006 - 3 наурыз 2009 жыл дары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі;
- 3 наурыз 2009 - 19 қараша 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
- 19 қараша 2009 - қаңтар 2012 жылдары Қарағанды облысының әкімі;
- Қаңтар 2012 - 24 қыркүйек 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
- 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.
- 2014 жылдың 2 сәуірінде елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады.
«Мемлекет басшысы менің отставкам туралы өтінішімді қабылдады. Өзімнің атынан және Үкіметтің атынан жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс білдіргім келеді»— Серік Ахметов
Марапаттары
- «Парасат » орденімен,
- «Құрмет» орденімен,
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған.
Отбасы
Жұбайы Любовь Михайловна Ахметова. Ұлы — Данияр (1985), қызы — Жанна (1980).
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
- Бикенов Ж.Б. Жәкенов Ж.М. Исабек Т.К. Тоқа шежіресі — Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы ААҚ, 2000. — 402 б. — 1000 таралым. — .
- http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30070175 [С.Н. Ахметовты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 184 ]
- С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы 2009 жылғы 3 наурыздағы № 754 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
- «С.Н.Ахметовті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 888 Жарлығы
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы 14 желтоқсанның 2013 жылы.
- http://kaz.gazeta.kz/news/ukimet-basshysy-otstavkagha-ketti-newsID162657.html(қолжетпейтін сілтеме) Үкімет басшысы отставкаға кетті
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер