Сеңкібай Оразғұлұлы (1709, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1786, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауы) – батыр, би. Орта жүз арғын ішінде болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 29 жылдары Алакөл, , , Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Сеңкібайды Абылай хан “” деп бағалаған. Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны “” атаған. Ұрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты.
Сеңкібай 18 ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысынан бастап Қанжығалы қарт Бөгенбайдың қасына ілесіп, Алакөл, Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатыскан белгілі батырлардың бірі. Сеңкібайдың жоңғар батыры Ноян Қоренге қарсы жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткені аңыз, деректерден мәлім. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. Талды өнірінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқан.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер