Сиякөк (лат. Linaria) – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір не көпжылдық өсімдіктер. Дүние жүзінің солтүстік бөлігінде, негізінен Кавказ бен Орталық Азияда өсетін 150-дей түрі бар. Қазақстанда 21 түрі кездеседі. Жиі кездесетіні — . Ол республиканың солтүстік аймақтарында, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының далалы алқаптарында, тоғайлардың арасында, шалғындар мен тау баурайларында өседі. Биікт. 30 — 70 см. Тамыры төсемелі, сабағы тік, жоғ. жағы бұтақты, сыртында аздаған түгі болады. Жапырақтары ұзын, қандауыр тәрізді, кезектесе орналасады. Сары гүлдері ұзын шашақты гүлшоғырына топтасқан. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Жемісі — қорапша. Тұқымы жалпақ, эллипс тәрізді, түсі қара. Сиякөктің құрамында линарин, пектолинарин глюкозидтері, азот бар. Кәдімгі сиякөк — дәрілік өсімдік. Ол негізінен іш жүргізетін және геморройға қарсы әсер ететін, сондай-ақ әр түрлі тері ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады. Сиякөктің 1 түрі — бор сиякөгі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Linaria | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() кәдімгі сиякөк | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
100 түрі белгілі |
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер