Скрипка (орыс. скрипеть — сықырлау, итал.итал. vіolіno) — ысқылы ішекті музыкалық аспап. Скрипка тектес аспаптардың (С., альт., виолончель, контрабас) ең жоғары регистрлі түрі. Скрипканың 4 ішегі квинталық бұрауға келтіріледі. 15 — 16 ғасырларда С-ның классик. түрі қалыптасты. 16 — 18 ғасырларда Солт. Италияда Скрипка жасау шеберлерінің ірі мектептері орын тепті. Мыс., Брешиа (Г. да Сало, Дж.Маджини) мен Кремонада (А. және Н.Аматилер, Дж.Гварнери, А.Страдивари). Скрипка симфониялық, эстрадалық, камералық оркестрлерде және трио, квартет, квинтет ансамбльдерінде қолданылады. Ол қазақтар арасына 19 ғ-дың аяғында тарай бастады. Скрипка тартушылардың алдыңғы қатарында Жаяу Мұса болды. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, музыкалық колледждер мен мектептерде Скрипка кластары жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіби білім алған, үздік орындаушылық қабілетімен дүние жүзіне танылған А.Мұсақожаева, М.Бисенғалиев, Г.Мырзабекова, т.б. скрипкашылар есімі белгілі.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер