Смағұл Абатұлы Елубаев (9 наурыз 1947 жыл, Шаржоу облысы, Түрікменстан) — жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан халық жазушысы
Смағұл Елубаев | |||
Туған кездегі есімі | Смағұл Елубаев | ||
---|---|---|---|
Туған күні | |||
Туған жері | Шаржоу облысы, Түркіменстан | ||
Азаматтығы | |||
Ұлты | Қазақ | ||
Мансабы | жазушы, кинодраматург | ||
Жанры | проза, сценарий | ||
Шығармалардың тілі | қазақ | ||
Марапаттары |
![]() |
Өмірбаяны
Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Смағұл Елубаев 1947 жылы Түркменстанда өмірге келген. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Алматыдағы 12 мектепте оқыған. 1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1974-1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер дайындайтын жоғарғы курсын бітірген.
Еңбек жолы
- 1976-1992 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактордың орынбасары;
- 1992-1995 жылдары республикалық "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналының бас редакторы;
- 1995-2004 жылдары Прагадағы "Азаттық радиосының" журналисті;
- 2008-2010 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы;
- 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры.
Әдеби еңбектері
- "Ойсыл-Қара" (1972), Алматы;
- "Саттар соқпағы" (1974), Алматы;
- "На свете белом" (1982), Москва;
- "Жарық дүние" (1978), Алматы;
- "Ақ боз үй" (1990),роман, Алматы, бірнеше қайта басылды;
- "Одинокая юрта" роман бірнеше рет орысша басылды;
- "Мінәжат" (1992) роман, Алматы;
- "Жалған дүние" (2000) роман, Алматы;
- "Қиямет-қайым ғасыры" (2015) ойтолғау, Алматы;
- "Ақ боз үй" (2017) 2 томдық таңдамалы;
- "Lonely yurt" (2016) ағылшын тілінде, Нью-Йорк.
- "Una yurta solitaria" (2018) испан тілінде, Астана.
- "Arasat meidany" (2017) түрік тілінде, Анкара.
Көркем фильмдер сценарийілері
- "Қызыл отау" (1982);
- "Ай астындағы үй" (1983);
- "Өтелмеген парыз" (1983):
- "Сұрапыл Сұржекей" (1992), Ашхабадта өткен ТМД кинофестиалінің бас жүлдесі;
- "Батыр Баян" (1992);
- "Кек" (2004);
- "Аңшы бала" (2012), Голливудта өткен IFFF кинофестивалінің бас жүлдесі;
- "Алмас қылыш" (2016);
- "Қазақ хандығы" телесериалы (2016); BRAGACINE халықаралық кинофестиваль 2022. Гран при
- "Оазис" (2016);
- "Бала ғашық" (2018);
- "Алтын тақ" (2019);
- "Ақ боз үй" (2021). Халықаралық Қорқыт Ата кинофестивалының жүлдегері. 2022 Түркие.
Марапаттары
- 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
- 2005 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені» нің иегері атанды.
- Қазақ "Пен-клубы" сыйлыгы
- 2018 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» нің иегері атанды.
- 2022 жылылы Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты.
- 2023 жылы Қазақстан халық жазушысы
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер