Сократес Бразилейру Сампайу ди Соза Виейра ди Оливейра (порт. Sócrates Brasileiro Sampaio de Souza Vieira de Oliveira; 19 ақпан 1954 жыл, Белен — 4 желтоқсан 2011 жыл, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1982 және 1986 жылғы әлем чемпионаттарында ұлттық құраманың капитаны ретінде ойнаған.
Сократес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты | Сократес Бразилейро Сампайо де Соуза Виейра де Оливейра | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары | Доктор Сократес, Алтын өкше | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қайтыс болған күні | 4 желтоқсан 2011 (57 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 192 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | жартылай қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Биографиясы
Сократестің алғаш ойнаған клубы — «Рано де Оуро». Бірақ әкесі мұның футболмен айналысуына қарсы болды. Сократес медициналық білім ала жүріп отбасынан жасырынып ойнауға мәжбүр болған. 1971 жылы 17 жасында жергілікті "Ботафого" сапында ойнай бастады. Бұл клубта 7 жылдай доп тепті, оқып жүріп кәсіпқой футболда ойнау оңайға соққан жоқ, сонысына қарамастан 1976 жылы Сан-Паулу штатының үздік мергені атанды.
1978 жылы дипломын алды да, "Коринтиансқа" ауысты. Бір жылдан соң ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін өткізді.
Сократес Еуропада бір жыл ғана доп тепті, 1984 жылы "Фиорентинаға" ауысты да, бір жылдан соң отанына қайта оралды. Кейін бірнеше бразилиялық клубтарда ойнап, 1989 жылы футболшылық карьреарсын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында екі рет әлем чемпионатына (1982, 1986) қатысты. 1986 жылы ширек финалда Бразилия футболшылары Франциядан пенальти тебісуден ұтылып қалды да, Сократес сол кездесуден соң-ақ құрамадағы карьерасына нүкте қойды.
2004 жылы 50 жасында Англияның төменгі лигаларының бірінде ойнайтын "Гарфорт Таун" клубында бірнеше ай ойыншы-бапкер ретінде қызмет атқарды. Бірақ 12 минут қана алаңда доп тепті.
1994 жылы әлем чемпионатына қатысқан бразилиялық футболшы Раидың туған ағасы.
2011 жылы 4 желтоқсанда 57 жасында ауруханада көз жұмды.
Жетістіктері
Командалық
- Сан-Паулу штатының чемпионы: 1979, 1982, 1983
- Рио жүлдесінің иегері: 1986
- Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1986
Жеке
- Сан-Паулу штатының үздік мергені: 1976
- Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1983
Дереккөздер
Сілтемелер
- Биографиясы 16 ақпанның 2008 жылы.
- Сократес. «Футбол Че Геварасы». Некрологтар (Libcom, және ).
- Доктор Сократес 4 наурыздың 2016 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер