Софы Қалыбекұлы Сматаев (1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы Ақадыр ауданы Киік ст. туған) — жазушы, драматург. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері (1992). Лақап аты – Санам Самалов.
Софы Қалыбекұлы Сматаев | |||
Туған күні | |||
---|---|---|---|
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Мансабы | |||
Марапаттары |
| ||
Сыйлықтары | Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (1992) |
Толығырақ
- Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.
- Софы Қалыбекұлы 1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы Ақадыр ауданы Киік ст. дүниеге келген.
- 1965 - Мәскеудің болат және қорытпалар институтын бітірген.
- 1960 - 1962 ж. Мәскеудегі "Серп и молот" зауытында слесарь, Құюшы, Қазақстан FA-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер аға инженер.
- 1967 - 1984 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі,
- 1984 - 1987 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің жауапты қызметкері болып жұмыс істеген.
- 1989 жылдан Қазақстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры.
Шығармашылығы
- "Астана оттары" атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрді. Сматаевтың "Тағдырлар" (1976), "Сен кімсің" (1977), "Әз-әзәзіл" (1978), "Жұлдызым менің жоғары" (1985) пьесалары республикалық, облысы театрларда қойылды. "Жұмбақ қыз", "Жаяу Мұса" операларының либереттосын жазды. В. Г. Короленко, В. В. Иванов, В. А. Солоухин, X. Абдуллин, Ю.Мухлисов, сондай-ақ, У. Шекспир, И. Добози шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасының иегері
- 1992 - "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты
- 2000 - Құрмет ордені
- 2007 - Парасат ордені
- Жезқазған, Балқаш қалаларының және Ағадыр, Қарқаралы және Шет аудандарының құрметті азаматы.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 220 бет
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер