Старшын, старшина – Ресей өкіметі тағайындаған ұсақ билеушілер. Рулар ішіндегі шағын топтарды басқарды. Аға сұлтандар мен болыстарға бағынды.
Старшын
Старшын, старшина – Ресей өкіметінің қазақтардың белгілі бір рулық топтарын басқару үшін сайлаған немесе тағайындаған адамы. Старшындар патша өкіметінің негізгі әлеум. тірегі болды. 1822 – 24 жылы жүргізілген реформалардан кейін олар аға сұлтандар мен болыстарға бағынды. Ауыл старшындары үш жылға сайланды. Ал болыстық старшындар құқылары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен тең болды. Қазіргі кезде старшина – армия мен әскери-теңіз флотындағы кіші командирлер құрамындағы атақ иесі болып саналады.
Пайдаланған сілтеме
- Қазақ энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |