Сужидек, шикша (лат. Empetrum) – жататын бұта. Қазақстанда Алтайдың балқарағайлы ормандары мен таутас беткейлерінде және субальпілік белдемдеріндегі ылғалы мол жерлер мен қалың тоғай ішінде өсетін 1 түрі – (Е. subholarctіcum) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см. Тамыры тармақталып өседі. Сабағы көп бұтақты. Сырты бұйраланған не безді түктер жапқан жас бұтақтары еміздік тәрізді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, кейде бір-біріне жабысып, шоқтанып тұрады. Олардың ұзындығы 3 – 5, ені 1 мм-дей, 3 – 5 жылға дейін тұрады. Дара гүлдері қос не дара жынысты, жапырақ қолтығынан жетіледі, қызғылт, қошқыл қызыл түсті болады. Гүл жапырақтары түкті тостағаншаға жабысып өседі. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі қара түсті домалақ сүйекше, дәмі сулы жидек тәрізді тәтті. Өсімдіктің аты осыған байланысты аталған. Қыс бойы бұтақта ілініп тұрады, сондықтан қыс түсісімен жинап алады. Дәрілік қасиеті бар, жемісі жеуге жарамды.
Сужидек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Empetrum nigrum | ||||||||||||||
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2WlM5bFpTOGxSREFsUVRFbFJERWxPRE1sUkRBbFFqWWxSREFsUWpnbFJEQWxRalFsUkRBbFFqVWxSREFsUWtFdWRHbG1MMnh2YzNOc1pYTnpMWEJoWjJVeExUSXdNSEI0TFNWRU1DVkJNU1ZFTVNVNE15VkVNQ1ZDTmlWRU1DVkNPQ1ZFTUNWQ05DVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNRUzUwYVdZdWNHNW4ucG5n.png)
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер