Сіңір (лат. tendo — қатаю, созылып керілу) — бұлшық еттерді қанқа сүйектеріне бекітетін бұлшық ет бөлігі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek5qTDBGamFHbHNiR1Z6TFhSbGJtUnZiaTVxY0djdk1qSXdjSGd0UVdOb2FXeHNaWE10ZEdWdVpHOXVMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Сіңірді бір бағытта тығыз жатқан коллаген талшықтарының будалары түзеді. Сіңірдің құрамында біріншілік, екіншілік, үшіншілік кейде төртіншілік коллаген талшықтарының будаларын ажыратады. Біріншілік талшықтар будаларының араларында қатарлары және аморфты зат орналасады. Талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасымен () қапталған бірнеше біріншілік талшықтар будалары екіншілік будаларды түзеді. Бірнеше екіншілік талшықтар будалары жалпақ келген талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатымен () қапталып, үшіншілік талшықтар будаларын құрайды. Көптеген сіңірлер үшіншілік талшқктар будаларынан тұрады. Ірі сіңірлерді түзуге төртіншілік талшықтар будалары қатысады. Перитеноний мен эндотонийдің құрамында сіңірді қоректендіретін қан тамырлары және жүйкелер болады. Сіңір тіректік қызмет атқарады.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер